Наши филиалы

За нарушение авторских и (или) смежных прав наступает ответственность в соответствии с п.1 ст. 48 Главы 5 Закона РК «Об авторском праве и смежных правах»

Вакансии "Өрлеу"

«Денсаулық сақтауды оқыту педагогикасы және оны іске асыруда қолданылатын технологиялар» тақырыбындағы семинар-тренинг

pdf_icon 707

2016 жылдың 03 желтоқсанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ-дың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» акциясы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес «Денсаулық сақтауды оқыту педагогикасы және оны іске асыруда қолданылатын технологиялар» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинар-тренинг денсаулық сақтауды оқыту педагогикасында қолданылатын технологияларды және денсаулық сақтау мәселелерін талқылау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Шара басында  филиалдың профессорлық-оқытушылар құрамы көтерілген тақырып бойынша баяндамаларын жасады.    

Тренинг ары қарай арнайы дайындалған 4 тасырма негізінде жүргізілді:

ТАПСЫРМА 1. Сергіту сәті: Жұппен амандасуды көрсету: құрбылардың, әріптестердің, ана мен баланың, құда мен құдағидың амандасуын жұппен көрсетеді, топпен талқылайды. Мақсат: тақырыпқа бағыттау, жағымды психологиялық орта құру.

ТАПСЫРМА 2. Денсаулық ұғымына анықтама беріңіздер. «Сұрақ менен, жауап сізден» стратегиясы.

ТАПСЫРМА 3. Денсаулыққа әсер ететін факторларды және олардың пайыздық қатынасын анықтаңыздар. Топта талқылап, ұжымға  түйінді ойды жариялаңыздар. «Графикалық органайзер» стратегиясы (графикалық органайзер, ұғымдар, желім).

ТАПСЫРМА 4. Денсаулықты жақсартушы факторларды ретімен қойып, ойыңызды дәлелдеңіз. «Домино» стратегиясы (ақ қағаз, ұғымдар, желім).

Осы шараны ұйымдастырушы Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Г.И. Жақсылықова: «Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойыпты: «Адамға өмірде не қымбатырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та,  атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни, тіршіліктің негізі – салауатты болашақ», - деп тренингті қорытындылады.

Г.И. Жақсылықова,

 Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері