Наши филиалы

За нарушение авторских и (или) смежных прав наступает ответственность в соответствии с п.1 ст. 48 Главы 5 Закона РК «Об авторском праве и смежных правах»

Вакансии "Өрлеу"

Қызметкерлермен жұмыс және құжаттамамен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы бос лауазымына

pdf_icon 39

           «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ

 қызметкерлермен жұмыс  және құжаттамамен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы  бос лауазымына орналасу үшін  

                                конкурс жариялайды

Біліктілік талаптары

Біліктілікке талаптар: басқару қызметіне сәйкес салалардағы жоғары білім және лауазымның тиісті функциональдық  бағытына сәйкес салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы (кадр жұмыстары және ісқағаздары ұйымдары).

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының кадрлармен жұмысқа, жеке құрамды есепке алу, кадрлық қызметтердегі құжаттарды сақтауға қатысты заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерін, жоғары тұрған ұйымдардың ережелерін, нұқаулықтарын, басшылық материалдарын, жұмыскерлерге аттестаттау, бос лауазымдарға орналасу үшін конкурстар өткізу туралы ережелерді, аттестаттау, конкурстық комиссиялар жұмыстарының нәтижелері бойынша материалдарды рәсімдеу тәртібін,  тестілеу, сұхбаттасу жүргізу әдістемесін,  сұхбат алудың заманауи техникасын, еңбек шарттарын әзірлеу тәртібін, ұйым қызметкерлері туралы дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін, ұйымдастыру-басқару және кадрлық міндеттерді шешу әдістерін, жұмыскерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және босатуды рәсімдеу, олардың еңбек кітапшаларын және жеке істері мен өзге құжаттарды жүргізу және сақтау, еңбек тәртібінің жағдайы туралы есептілікті құрастыру тәртібін, психологияны және еңбекті ұйымдастыру негіздерін, іскерлік қатынас әдебі мен мәдениетін, Қазақстан Республикасының ісқағаздарын ұйымдастыруға, ұйымдастыру-өкімдік құжаттамасының бірегейлестірілген жүйесінің стандарттарын, құжатардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жүйесін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртіптеме қағидаларын,   еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын.

         Лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімді.

 

Негізгі лауазымдық міндеттері

 

  •   Іішкі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын (қағидалар, ережелер, нұсқаулықтар және т.б.)  әзірлеу, оларға қажетті өзгерістерді уақтылы даярлау.
  •  типтік еңбек шарттарының жобаларын, оларға қосымша келісімдерді, сондай-ақ оқыту шарттарын даярлау.
  • еңбек заңнамасына, ережелерге, нұсқаулықтарға және ұйым басшысының бұйрықтарына сәйкес жұмыскерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды рәсімдеу.
  • қызметтік іссапарлардың, барлық демалыс түрлерін рәсімдеу және есепке алу, зейнетақы тағайындау үшін құжаттарды жинастыру, еңбек қызметі туралы анықтамаларды беру.
  • бастапқы құжаттаманың сәйкестендірілген нысандарына сәйкес ( оның ішінде кадрлардың 1С бағдарламасында автоматтандырылған есебі) қызметкерлерді есепке алу.
  • кадрлық резервті қалыптастыру.
  • бос лауазымдарға уақтылы орналасу бойынша шараларды жүргізу.
  • еңбек кітапшаларын, жеке істерді, жұмыскерлердің жұмыс уақытының табелдік есепке алынуын, уақытша еңбеке жарамсыздық парақтарының есепке алынуын жүргізу.
  • кадрлардың тұрақтамау себептерін талдау, оны төмендету бойынша шаралар қабылдау.
  • ағымдық сақтаудың белгіленген мерзімдерінің аяқталуы бойынша архивке сақтауға тапсыру үшін құжаттарды даярлау.
  • Қоғам филиалдарындағы қызметкерлермен жұмыс, кадрлық және жалпы ісқағаздары мәселелері бойынша кешенді тексерістерге қатысу, практикалық көмек көрсету.
  • еңбек тәртібінің сақталуына бақылау және басқалар.
  • филиалдармен жұмыс жасау.

 

Жеке қасиеттері

  • Көпшіл
  • Жауаптылық
  • Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу

 

Тапсырылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның қызметкерлермен жұмыс және және құжаттамамен қамтамасыз ету басқармасына электронды түрде (құжаттардың сканирленген көшірмелерін) немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі тапсырады:

  • конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш (сілтеме);
  • түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме)
  • кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (сілтеме);
  • фотосурет (формат 3*4) немесе оның электронды форматы;
  • мекенжай анықтамасы;
  • жеке басын куәләндыратын құжат (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін - ықтиярхат);
  • қажетті кәсіби білімін, жұмыс өтілін және біліктілігін растайтын

құжаттар (жоғары білімі туралы, біліктілікті арттырғандығы туралы, ғылыми дәреженің берілгендігі туралы  құжаттардың  көшірмелері, жергілікті жері бойынша кадр қызметтерінде немесе нотариуста куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмелері.

ескертпе: құжаттардың көшірмелерін үміткер жеке тапсырған жағдайда көшірмелерді растау талап етілмейді.

  • алдын ала медициналық тексерістен өткендігі туралы анықтама (086Н);
  • қылмыстық құқық бұзушылық және жемқорлық құқық бұзушылықты жасағандығы туралы мәліметттердің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
  • әскери міндеттілер әскери есепке қойылуын растайтын құжатты тапсырады.
    Конкурсқа келген бойда жоғарыда көрстілген құжаттардың түпнұсқалары тапсырылады.

        Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2019 жылғы 29 қазан, 10-00 сағат, 405 каб.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2019 жылғы 24.10 дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қ.,   Амангелді к.,61 407 каб. немесе: kuzhat@orleu-edu.kz эл.почтасы

Анықтама үшін телефон: 8(727) 2674584 (ішкі 316) қызметкерлермен жұмыс  және құжаттамамен қамтамасыз ету басқармасы

 

Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.