Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

2013 жылы Павлодар облысы бойынша 26 білім беру мекемесі электронды оқыту жүйесін енгізу жобасына қосылады

16.09.2013 pdf_icon 1348 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Павлодар және Ақсу қалаларының 49 білім беру ұйымдары: 44 мектеп пен 5 колледж 2013 жылы бұл жобаға толық қосылды. Жаңа оқу жылының басталуымен бұл мектептер электронды оқыту жүйесінің порталында: оқу үдерісін автоматтандыру және әкімшілікті басқару жұмыстарын іске асыруға кірісті.

Жобаға қатысушы әрбір ұйым қажетті техникаамен жабдықталған: интерактивті және мобильді тақталармен, проекторлар, ноутбуктер, моноблоктар, және компьютерлермен жабдықталған сыныптар және т.б.

Биылғы жылы бұл жоба Павлодар облысы бойынша 26 білім беру ұйымын қамтиды: 23 мектеп иен 3 колледж («Павлодар технологиялық колледжі» ҚМКМ, «№ 1 және 5 Павлодар колледждері»). Бұл жылы ауыл мектептері де электронды оқыту жүйесін пайдалана бастайды: жобаға қатысушы 23 мектептің 13 –і Қашыр, Успен, Шарбақты, Май, Лебяжі аудандарының және 10-ы Павлодар, Екібастұз, Ақсу аудандарының мекемелері.

 

Жоғарыда айтылған мектептердің 299 педагогы 2013 жылдың 9 қыркүйек пен 18 қазан аралығында электронды оқыту жүйесі (e-learning) бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ мамандарымен біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылуда. Курсты өткізу мақсаты: білім беру ұйымдарының электронды оқытуға көшуі жағдайында курсқа қатысушы педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Павлодар облысының педагогтері бір апталық курстың аясында «Білім беру ұйымдарында электронды оқыту e-learning жүйесінде оқытуды басқару» тақырыбы бойынша жұмыстар істейді. Электронды оқыту жүйесі порталымен (https://e.edu.kz/) танысады және қолдануды үйренеді. оны Электронды оқыту үдерісіне қажетті электронды нұсқадағы құжаттар жасау: электронды күнтізбе, балаларды сыныптарға бөлу, мұғалімнің күнтізбелік-тақырыптық жоспары, электронды журналдар, хабарламалық қызметтер (оқушылардың ата-аналарына e-mail или sms хабарламалар жіберу). Порталға жүктелген оқыту үдерісіне пайдалануға арналған оқытушы контенттермен, яғни, сандық білім беру қорларымен танысады. Бұдан басқв www.e-learning.ripkso.kz порталына тіркеледі, және он-лайн сауалнамаға жауап береді.

 

Курсты қорытындылау педагогтерді тестілеуден өткізу, СБҚ (сандық білім қорлары) жобаларын қорғату және электронды жобаға ену жағдайына байланысты он-лайн конференцияны өткізумен аяқталды.