Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Үздік тапсырмалар мен сұрақтар» тақырыбындағы облыстық оn-line байқауы

10.09.2014 pdf_icon 2362 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, деңгейлік бағдарламалар орталығының жоспарына сәйкес деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдерге арналған облыстық «Үздік тапсырмалар мен сұрақтар» тақырыбындағы оn-line байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдердің Блум жүйесі жайлы білім, білік дағдыларын көтеру және оны сабаққа енгізу тәжірибелерін жинақтап тарату болатын.

Байқауға 6 аудан мен Тараз қаласынан 28 жұмыс ұсынылды. Сарысу ауданынан А. Каримбекова 8 жұмыс, А. Ыдырысбаева 2 жұмыс, Байзақ ауданынан Н.Айдаралиев 2 жұмыс ұсынса, басқа мұғалімдер 1 ғана жұмыстан ұсынған. Байқауға сондай-ақ Тараз қаласы, Жамбыл, Меркі, Жуалы, Талас аудандарының мұғалімдері атсалысып, барлығы 19 мұғалім өз жұмыстарын байқауға жіберген. Оның ішінде: 6 қазақ тілі, 1 орыс тілі, 3 математика, 2 тарих, 1 биология, 1 география, 1 физика, 4 бастауыш сынып мұғалімдері өз жұмыстарын жіберген. Ал Шу, Мойынқұм, Рысқұлов, Қордай аудандарының мұғалімдері байқаудан шет қалғанын айта кеткен жөн.

 

Материалдарға қойылатын талаптарды ескере отырып, сарапшылар кеңесі ұсынылған жұмыстарды төмендегіше саралап, дипломдармен, алғыс хаттармен марапаттауға ұсынды.

І дәрежелі диплом Жуалы ауданы, Көктөбе орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі П.Панеева, екінші дәрежелі диплом Тараз қаласы №30 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі К.Абишева мен Сарысу ауданы, Б.Кашқынбаев атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Каримбекова, ал 3 дәрежелі диплом Тараз қаласы № 40 м/г математика пәні мұғалімі А.Тушалиева, тарих пәні мұғалімі Т.Любименко және Сарысу ауданы, Абылайхан атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі А.Ыдырысбаеваларға тағайындалды. «Үздік тапсырмалар мен сұрақтар» тақырыбындағы бұл облыстық оn-line байқауына  қатысып, өз жұмыстарын  ұсынған 10 мұғалімге алғыс хат тапсырылды.