Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Республикалық семинар туралы ақпараттық хат

08.09.2016 pdf_icon 1766 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

 «Өрлеу» Біліктілік Арттыру Ұлттық Орталығы Акционерлік Қоғамы филиалы 

Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институт

 

Тақырыбы: «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік қызмет: бүгіні және болашағы»тақырыбындағы республикалық семинар туралы ақпараттық хат

 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институт 2016 жылғы 20қазанда «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік қызмет: бүгіні және болашағы» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларының қазіргі заманғы талаптарына сай мамандарды даярлауда әдістемелік қызметтің мазмұнын жаңартуға ықпал ету.  

 Міндеттері:

=                         әдістемелік қызмет саласы мамандарының кәсіби дамуына және өзара тәжірибе алмасуына, сындарлы сұхбат орнатуға жағдай жасау;

=                           білім беру мазмұны жаңару жағдайындағы озық педагогикалық идеяларды анықтау, зерделеу және   насихаттау,тарату;

=                         жаңартылған  білім беру  жағдайында   әдістемелік қызмет    мазмұнындағы жаңашылдықтарды насихаттау;

=                          педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруына, шығармашылығы мен іскерлігін  жетілдіруіне және  өзін өзі дамытуына ықпал ету.

Қатысушылар: «Өрлеу» БАҰО АҚ басқармасы мамандары, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдары «Инновациялық даму және әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімі мамандары, ЖОО және колледж өкілдері, облыстық (қалалық), аудандық  әдістемелік бөлімдер (кабинеттер) әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, мектеп басшылары, білім беру ұйымдарының әдістемелік қызмет ісіне жауапты мамандар, мұғалімдер, тәрбиешілер.

Семинар жұмысы аясында аталған тақырып бойынша өзекті мәселелерді көтеретін баяндамалармен қатар білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагог кадрлардың ғылыми-әдістемелік, кәсіби, шығармашылық,  мәдени деңгейін жетілдіруге ықпал етуге бағытталған, мамандардың кәсіби құзыреттілігі, шығармашылығы мен іскерлігі, үйлестірушілік қабілеттерін көрсететін жұмыстар қабылданады.

Жұмыстар «Іскер әдіскер»,«Үздік әдістемелік кабинет», «Озық тәжірибелер отауы» номинациялары бойынша  сараланады.

«Іскер әдіскер» - маманның педагогикалық іс-әрекеті,  қабілеттілігі, дарыны мен шығармашылығын айқындауы қажет.

«Үздік әдістемелік кабинет» - әдістемелік бөлімнің немесе кабинеттегі қызметтің жүйелілігін, тиімділігін, сапасын айқындайды.

«Озық тәжірибелер отауы» - мектептің, бөлімшенің, жеке педагогтың үлгі болуға тұрарлық озат тәжірибелерін ұсынады.

Жүлдегерлерге марапат қағаздары, дипломдар беріледі.

Семинарға қатысу өтініштері мен материалдар 2016 жылдың 10 қазанына дейін қабылданады. Семинар материалдарының жинағы шығарылады, институт сайтына қойылады. Семинар қатысушыларына сертификат беріледі.

Республикалық семинардың өткізілетін орыны: «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Амангелді көшесі 61 үй, (Шевченко көшесінің бұрышы), 4 этаж, каб.405 , жұмыс телефоны: 8-727-2674457.

Электрондық пошта:  adisteme.bbjkbari@mail.ru. («Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімі.)

Өту мерзімі: 2016 жылдың 20 қазаны.

Іс-сапар шығындары қатысушы ұйым тарапынан.

 

Қосымша 1

 

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік қызмет: бүгіні және болашағы» тақырыбындағы республикалық семинар  жұмысына қатысушылардың өтініш парағы

 

 

Аты-жөні (толық)

 
  1.  

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 
  1.  

Қызмет орны (лауазымы)

 
  1.  

Баяндама тақырыбы

 
  1.  

Ұсынылатын тәжірибелік жұмыс атауы

 
  1.  

Тәжірибелік жұмыстың қысқаша мазмұны

-   Тіркелген барлық файл саны...........;

-   Мәтін........ бет;

-   ...... файл;

-   ...... файл слайд;

-   ....... фотолар;

-   ..... видео;

-   ..... папка т.с.с.

  1.  

Семинарға қатысу түрі (тікелей, сырттай)

 
  1.  

Байланыс телефондары

 
  1.  

Электрондық поштасы

(e-mail)

 

 

2 қосымша

Семинар материалдарын ресімдеуге қойылатын техникалық талаптар:

 

-     Баяндама (мақала) мәтіні 5 парақтан аспауы қажет және тіркеу формасы Word мәтіндік редакторында жазылуы керек;

-     Бет параметрлері: сол жағы – 3 см., оң жағы 1,5 см., жоғары және төменнен 2 см;

-     Шрифт: Times New Roman (кегль 14);

-     Жолдарының арасы 1 интервал;

-     Азат жолдың басталуы 1,25 см;

-     Баяндама атауы майлы бояумен ортаға жазылады;

-     Одан төмен автордың толық аты-жөні, қала, мекеме атауы және қызметі ортаға жазылады;

-     Мақала парақтары нөмірленбейді;

-     Әдебиеттерге сілтемелер тік жақша ішінде [ ] көрсетіледі;

-     Ұйымдастыру  алқасы  мақалалар мазмұнына жауап бермейді;

-     Материалдар электрондық поштағақосымша тіркеме файлдар түрінде  (файл атауы,  автордың аты- жөні, семинар тақырыбымен)  жолдануы  керек;

-     Суреттер *jpg форматында кескінделуі қажет.