Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

ICAAM 2014

17.09.2014 pdf_icon 987 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2014 жылдың 11-13 қыркүйек күндері аралығында Шымкент қаласында қолданбалы математика мен анализ бойынша екінші халықаралық конференция,  ICAAM 2014 өткізілді.  

         Конференция алғаш рет 2012 жылы Түркия Республикасында өткізілген болатын.   ICAAM 2012 конференциясының материалдары  AIP (Американың физика институты)  жарияланған болатын, ICAAM 2014 конференциясының материалдары да AIP жариялану жоспарланы отыр.

 

     Халықаралық конференция (ICAAM) мақсаты: метематика мен қолданбалы математиканы пайдаланудың жаңа тенденциялары туралы ой бөлісу,  математикалық  анализдегі жаңа бағыттарды айқындау. Конференция жұмысына осы саладағы жетекші мамандар мен ғалымдар шықырылды:Камель Ариффин Мохд Атан, профессор, математикалық зерттеулер институтының директорыПутра университеті, Малазия;  Зухаир Нашед,   Орталық Флорида университетінің профессорыИскандер Тайманов, профессор, Ресей ғылым академиясының мүшесі, математика институтының лаборатория меңгерушісі, Новосибирск, Ресей;
Мохаммад Мурсалеен, профессор,  Алигархе мұсылман университеті, Үндістан; Юзеф Банаш, профессор Жешув технологиялық университеті, Польша; Леонид Крицков, профессор, М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті, Росей.

 

         Конференция жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы қызметкерлері де қатысты: институт директоры, п.ғ.д., профессор Л.Т.Искакова, «Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент М.Мұсабеков және п.ғ.к., доцент Ә.Көшеров.  

 

         Секция жұмысында п.ғ.д., профессор Л.Т.Искакова мен п.ғ.к., доцент Ә.Көшеровтер  «Функционалдық тәуелділікті математика мен физиканы байланыстыру негізінде меңгерту» тақырыбында баяндама жасады. Конференция жұмысына қатысып, баяндама жасағаны үшін   профессор Л.Т.Искакова  мен   доцент Ә.Көшеровке халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталды.