Біздің филиалдар

БжҒМ сайтының информері

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«Жаңа толқын» желілік қауымдастықтың белсенді қатысушысы» республикалық on-line байқауы

13.09.2016 pdf_icon 827 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Құрметті әріптестер!

 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2016 жылдың 20 тамызы мен 20 қазан аралығында өтетін «Жаңа толқын» желілік қауымдастықтың белсенді қатысушысы» республикалық on-line байқауына Деңгейлік Бағдарламалар бойынша сертификатталған мұғалімдерді қатысуға шақырады.  

Байқаудың мақсаты – педагогтердің ғаламтор желісіндегі бірлескен іс-әрекеттеріне қолдау көрсету арқылы кәсіби өсуіне ықпал ету және олардың жетістіктерін тарату, насихаттау. 

Міндеттері:

-          өз білімін жетілдірудің құралы ретінде мүдделес топтар арасында қарым-қатынас жасаудың заманауи түрін қолдануға бағыттау; 

-        желілік қауымдастықтың белсенді қолданушыларын анықтау және олардың табысты оқытуындағы жетістіктерін насихаттау;

-          компьютерлік желілік құрылғылар арқылы педагогтер арасында белсенді қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын көрсету;

-          өз тәжірибесін тарату және кері байланыстың тиімділігін анықтау;

-          желілік қауымдастықтың көмегімен өзінің жоғары кәсібилігін, ұйымдастырушылық қабілеті бар  ұстаздардың тәжірибесін тарату;

-          ақпараттық технологияларды пайдаланудың  көмегі арқылы педагогикалық әріптестікті қашықтықтан орнату мүмкіндіктерін көрсету.

 

Республика бойынша жеңімпаздардың дипломдары мен грамоталары «Өрлеу» филиалдарына жіберіледі, қатысушы сертификаты беріледі.  

Байқау туралы толық ақпарат Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ресми сайтында www.orleu-taraz.kz жарияланған.