Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы

16.09.2016 pdf_icon 1008 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

ҚР Сыртқы істер министрлігі жасаған сандық технологиялар саласындағы жаңа өнімінің таныстырылымы өткізілді.

Сандық қосымшаны министрлік атқарған ақпараттық-имидждік жұмыстың нақты жемісі және Бес институционалды реформалар аясында атқарылатын «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының шеңберіндегі 87-ші «қадамды» жүзеге асыруға елеулі үлес болып табылады.

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы, заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпаратпен қолжетімді танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін әзірленген болатын.

Қосымша құрамында Қазақстан туралы бірегей кешенді ақпарат жиналған және көптеген фотосуреттер мен бейнематериалдар эксклюзивті болып табылады және де бұған дейін жарияланбаған. Әзірлеуші әр материалдың техникалық және көркемдік сапасына жоғары талаптар қойған.

Қосымша Windows, Apple, Android  жүйелеріне негізделген құрылғылардың барлық түрлері (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлер) үшін жасалған. Веб-сайт үлгісіндегі нұсқасы да бар.

 

Өнімді жасауға бір топ жергілікті және шетелдік мамандар жұмылдырылған, олардың ішінде журналистер, фотографтар, видеооператорлар, дизайнерлер, программистер, жалпы - 80 адам мен 33 мемлекеттік және жеке ұйым.

Қазақстандықтар үшін бұл қосымша Отанымыз туралы кешенді тақырыптардың кең ауқымын қамтитын нағыз сандық энциклопедия болып саналады. Тұтастай алғанда, қосымша 10 бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және «ЭКСПО-2017».

Отандық дипломаттар қосымшаны шетелдік әріптестерімен кездесулер мен презентациялар барысындағы ақпараттық-имидждік жұмыстарда, шетелдегі отандастар мен қазақ диаспорасының арасында тарату алады. Шетелдіктерді әсіресе Қазақстандағы туризм мен инвестициялар және «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы материалдар қызықтырады.

Қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.

Қосымшаны AppStore және Play Market арқылы  жүктеуге болады. Ол үшін іздеу жолағына - Kazakhstan Land of the Great Steppe енгізу қажет.

Тікелей сілтемелер:

AppStore - https://itunes.apple.com/ru/app/kazakhstan-land-great-steppe/id1117366063?l=en&mt=8

Play Market - https://play.google.com/store/apps/details?id=ro.siveco.kazakhstan

Жеке компьютерде пайдалану үшін Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтындағы (www.mfa.gov.kz) Windows-нұсқасын орнату мүмкіндігі бар.

Қосымша туралы мәлімет:

  • әрқайсысында жеке  фотогалереясы бар 68 тарау;
  • Барлығы 370-тен астам фотосурет;
  • 24 бейнеролик;
  • 12 3D объектісі;
  • 20 панорамалық фотосурет
  • 12 интерактивті 3D кескін;
  • 4 интерактивті 3D картасы.

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық қосымшасын таныстыратын қысқаша бейнероликпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://www.youtube.com/watch?v=AEzdm6cEpLw.