Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Шаған мектебіндегі семинар-тренинг

22.09.2014 pdf_icon 886 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2014 жылдың 12 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы Шаған орта мектебінде «12 жылдық  мектептің бастауыш сыныптарындағы оқу бағдарламаларының апробациясы бойынша бірлескен жұмыстардың бағыттары» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

      Семинар-тренингке «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы,  Шаған орта мектебінің директоры мен орынбасарлары, бастауыш сынып, информатика, дене шынықтыру, технология және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдері қатысты.

 

 

 

      Институт директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары мұғалімдердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырудың тиімді әдістерімен, сондай-ақ білім беруде smart-технологияларды қолданудың негіздерімен таныстырды, инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы үздік педагогикалық тәжірибені қорытындылау, тәжірибені таратудың инновациялық тұрғысын қолдану бойынша тәжірибелік ұсыныстар берді.

 

 

 

      Бұған қоса семинар-тренингте 12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарындағы эксперименталды оқу бағдарламаларын енгізуге дейінгі мектеп жағдайының негізгі мәселелері анықталып, мектепте 12 жылдық бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын апробациялау бойынша экспериментке енгізу жоспарын құру шешімі қабылданды. 

 

Татулық тірегі – мемлекеттік тілде

 

         2014 жылдың 17 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

      Дөңгелек үстелдің мақсаты қазақстандық жастардың мемлекеттік тілді кеңінен қолданылуын насихаттау, өскелең ұрпаққа тіл – татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудегі маңызды факторлары  екенін дәлелдеу. 

      Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясын қолдауға арналған бұл шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы қатысып қайтты. 

   Елбасының саяси бағытты айқындаған Жолдауында атап көрсетілгендей, 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуі тиіс. Дөңгелек үстелде осы тапсырманы орындауда облысымызда қандай шаралар қолға алынды, алдағы уақыттағы қазақ тілінің даму қарқыны қандай болмақ, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде не кедергі, жалпы жоспарланған тіл саясаты бар ма, оның орындалу механизмдері жолға қойылған ба, «ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыруда қандай жұмыстар атқарылуда деген сұрақтар төңірегінде сөз қозғады.