Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Үздік жыл психологы» Республикалық байқауы облыстық кезеңінің қорытындысы

28.10.2014 pdf_icon 872 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

      Ақмола облысында «Үздік жыл психологы» Республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. 

Байқаудың мақсаты: кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейін меңгерген, шығармашыл жұмыс істейтін, талантты психологтарды анықтау, оларды қолдау және марапаттау.

Байқау 4 кезеңде өтті: 1) қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы (бейнероликтерді қарау); 2) жеке жобаларын таныстыру; 3) психологиялық-педагогикалық жағдаяттарды шешу; 4) түрлі психологиялық тәсілдерді пайдалана отырып, көрініс көрсету.

    Қатысушыларды бағалау критерийлерінің құрамына кіретін таңдалған материалдардың мазмұндылығы, маңыздылығы, заманауи технологиялардың пайдалануы, материалдардың құрылымдалуы, қисындылығы мен орындылығы, жүйелілігі, ұсынылған материалдардың қолайлылығына сәйкес байқаудың әділқазы мүшелері бір ауыздан Бас жүлдені Жақсы ауданы, Запорожская орта мектебінің педагог-психологы Тулегенова Кенжегүл Еңбекшілқызына  табыстады. Ол мынадай кәсіптік-тұлғалық қабілеттерін көрсеткен болатын: шешендік, сонылық, жалпы мәдениет және білімпаздық.

 

1-ші орынға Степногорск қаласы №7 орта мектептің педагог-психологы Верхорубова   Татьяна   Владимировна,  2-ші орынға Көкшетау қ. №19 ОМ, Жангазинова Алтын Еркенқызы, Бурабай ауданы «Одуванчик» балабақшасының педагог-психологы Халиман  Анастасия  Валерьевна,  3-ші орынға Зеренді ауданы, Айдарлы орта мектебінің педагог-психологы Тулебаева Бибігүл Бүркітқызы, Астрахан ауданы №2 ОМ, Сандыбаева Роза Жанбайқызы, Атбасар ауданы Сергеевская ОМ Миронова Нина Владимировна ие болды. 

Сондай-ақ, «Жаңашыл психолог», «Психолог-зерттеуші», «Шебер психолог», «Жас психолог», «Шығармашыл психолог», «Психолог-менеджер» номинацияларының лауреаттары анықталды. «Үздік жыл психологы» байқауының жеңімпаздары дипломдармен, ақшалай және құнды сыйлықтармен марапатталды. Облыстық байқаудың жеңімпазы – бас жүлде иегері республикалық байқауға жіберіледі. 

«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы