Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ-ның 31 қазанға дейінгі өткізген шаралары

31.10.2014 pdf_icon 896 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Көшпелі тәжірибелік сабақ

 

2014 жылдың 13-24 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ «БҚОПҚБАИ»  базасында қазақ мектептеріндегі орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында қысқамерзімді біліктілікті арттыру курсы өткізілді.  

22 қазан күні курс аясында Орал қаласының №46 ЖОББМ базасында «Мәтінмен жұмыс – оқу сауаттылығын дамытудың негізгі жолы» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді. КТС бағдарламасында орыс тілі пәні бойынша 7-9 сыныптарда өткізілген ашық сабақтармен  қоса М.Ю.Лермонтовтың 200 жылдығына арналған «…Мой гений веки пролетит» атты сыныптан тыс шара қамтылды.

 

 

«Таңдаулы жыл әдіскері» байқауы

Үстіміздегі жылдың 20-23 қазан күндері Алматы қаласында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ ұйымдастырумен «Республикалық Үздік жыл әдіскері» байқауы өтті.

Тақырып: «12 жылдық мектептің әдіскері» болғандықтан, Қазақстан Президентінің соңғы Жолдауында көрсетілген білім сапасын көрсетуге арналған бағыттарды жүзеге асырып, білім сапасын арттыруға бағытталған.

Біздің облыстан осы байқауға қатысқан әдіскерлер жақсы нәтижеге қол жеткізіп, марапаттауларға ие болды.

 

Нәтижесінде ІІ орынға Ш. Ш. Сабирова (Ақжайық ауданы «Айгөлек» балабақшасы, Б. Н. Габсатарова (Ақжайық ауданы «Балалар шығармашылығы орталығы) ие болды. 

Г. Н. Таменова (Бөрлі ауданы, Бөрлі аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинеті), А. Б. Ермекова (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) – «Креативті әдіскер» номинацияларына ие болды. А. М. Аймағанбетотова (жоғары техникалық мектеп) – «Ең жас әдіскер», С. С. Шагиров «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» – «Ең жас әдіскер» номинациясын  иеленді.