Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Педагогтердің кәсіби дамуындағы бағыттарының өзгеруі: білім берудегі жаңа тренд» тақырыбында он-лайн режимінде Республикалық вебинар өтті

03.11.2014 pdf_icon 955 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ базасында 2014 жылдың 30 қазанында «Педагогтердің кәсіби дамуындағы бағыттарының өзгеруі: білім берудегі жаңа тренд» тақырыбында республикалық вебинар өткізілді. Вебинарда (http://online.ripkso.kz/ipk) деңгейлік Бағдарламалардың жаңа көзқарас идеяларын енгізу негізінде тренерлердің және сертификатталған мұғалімдердің тәжірибелерін жүйелеу және тарату жоспарланды.  Шараға әр облыс мектептерінен 47 қосылу болды (олардың ішінде 8 облыс): Астана, Ақмола,  Алматы,    ШҚО райондары және қалалары, Қостанай, Манғыстау, Қараганды, СҚО) 150 –ден аса қатысушылар қамтылуымен.

Вебинарды п.ғ.к., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ директоры, модератор С.З.Байхонова ашты. Сауле Зайтановна білім нәтижелеріне қол жеткізу табыстылығын қамтамасыз ететін логика негізі, сыни және сындарлы ойлау, алған білімдерін оқу және тәжірибелік іс-әрекетінде қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында сертификатталған мұғалімдердің оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін енгізудің қажеттілігін белгіледі. 

 

Кіріспе бөлімінде вебинар ұйымдастырушылары, ДБО басшысы С.Е.Нуркенованың бастамасымен облыс мектептерінде Бағдарламаның жаңа көзқарастары мен идеяларын іске асыру туралы айтып өтті. Сыныптағы жұмыстың білім беру мақсаттары мен міндеттерінің өзгертуін ескертуден құрылатын пікірге дәлелдемесі ретінде,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ ДБО тренері М.И.Мамиеваның, үшінші (негізгі) деңгейлік курс сабағынан тікелей қосылуы  «№3 тапсырмаға шолу қорытындысында менің тәжірибемдегі өзгерістер» тақырыбында топпен пікір алмасуы («артқа көз  тастау») болды.  Бұл ретте вебинар қатысушылары сабақ фрагментінен мұғалімнің өзінің мектептегі тәжірибесін бағалауын көрсе, Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қ. бойынша ПҚ БАИ ДБО тренері  Б.С. Дюсембинованың баяндамасында  оқушыларда өздігімен білім алу, өзін-өзі реттеуінің қалыптастыруына ықпал ететін, білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша мұғалімдердің білімі және практикалық дайындығын қамтамасыз ету қажеттілігі идеясы айтылды.  Педагогикалық қауымның назарынан  келесі баяндамалар тыс қалмады: бағдарлы оқыту бойынша директорының орынбасары  Пак В.С., «Даму командасы» сертификатталған мұғалімдер шығармашылық тобының  жұмысын әйгіледі. 

Осы мектептің шығармашылық тобының белгілеген ойын ары қарай БАҰО «Өрлеу» филиаланың Қарағанды облысы бойынша, ДБО тренері Ж.Ш. Адамова дамытты:  сертификатталған мұғалімдердің посткурстық кезеңдегі көшбасшылық қасиеттерін дамыту мәселесіне тоқтады. Бұл мәселе сертификатталған мұғалімнің тәжірибесіндегі өзгерістермен тығыз байланысты болғандықтан, тақырыпты БАҰО «Өрлеу» филиаланың Қарағанды облысы бойынша, ДБО тренері К.И. Шубакова жалғастырды. Сабақ барысында оқушылардың дарындылық әлеуетін анықтау идеясын Ұлан ауданының  Марсеков ат.  ОМ   мұғалімі А.Қ. Болаева  ашып көрсетті.

 БАҰО «Өрлеу» филиаланың Ақтөбе облысы бойынша ДБО тренері, магистр А.Г. Нуганова өзінің баяндамасында кәсіби өзіндік сананың кәсіби-тұлғалық дамуымен байланыста екенін атады. Вебинардың қатысушыларын қызықтырған тақырыптар бойынша БАҰО «Өрлеу» филиалының ОҚО бойынша ДБО тренері, магистр К. К. Жамантаева және БАҰО «Өрлеу» филиаланың Ақмола облысы бойынша, ДБО тренері С. Ж. Омарова мұғалімдердің оқу әрекетінде бағдарламаның модульдерін ықпалдастыруда кәсіби бағдарының өзгеруіне тоқтады. Осы ойларға үйлесімді Өскемен қаласындағы №16 ОМ ұстаздарының ойлары да болды, олардан БАҰО «Өрлеу» филиалының ШҚО бойынша ДБО тренері, ф.ғ.к. С.О.  Симбаева   сұхбат алды. Балалардың жаңа көзқарастағы оқуға ойларын қызықты да мазмұнды ұсынған  ШҚО Өскемен қаласының №34 мектеп-лицейінің мұғалімі А.А. Матыбаева,  № 8 ОМ мұғалімі Н.В. Мельникова бастауыш сынып оқушыларының әдебиет сабағында сыни ойлауларын дамытуға байланысты стратегияларын ұсынды. Вебинардың қорытындысы бойынша қатысушылар сертификат алады, ал сөз сөйлегендер алғыс хатттарға ие болды.