Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Жеке тұлғаны қалыптастырудың этномәдениеттік аспектісі: теория және тәжірибе» атты on-line режиміндегі халықаралық ғылыми-практикалық конференция

10.11.2014 pdf_icon 974 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы Акционерлік қоғамының Филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Жеке тұлғаны қалыптастырудың этномәдениеттік аспектісі: теория және тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық ғылыми–практикалық конференция өтті. 

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты-әлемдік кеңістікке өтуде этномәдени тұлға қалыптастыру мәселелерін талқылау.

Оn- line режимінде өткізілген конференцияға көршілес Ресей мемлекетінің, Орынбор облысы мен қатар Орал, Қызылорда, Атырау, Актау облыстарының біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлері, Алматы қаласынан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, «Этнопедагогика және этнопсихология ғылыми зерттеу» орталығы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғалымдары, білім беру мекемелерінің педагогтары, біліктілікті арттыру инситуттының оқытушы-профессорлық құрамы қатысып, өркениетті білім кеңістігінде толықтыруда қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастырудың этномәдениеттін дамытуды оқу-тәрбие жүйесіне қолданудың озық үлгі, өнеге тәжірибелерді өзара салыстыру, бағытында ой бөлісті. 

 

Институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Н.К.Кибатаева «Этнокультурные основы развития личности: новые ориентиры» тақырыбында баяндама жасап конференцияны ашты.

- М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының жетекшісі, профессор, философия ғылымдарының докторы Алтай Тайжанов «Этносоциальное  воспитание молодежи в рамках стратегии «Казахстан -2050» тақырыбында  баяндама оқыды. 

 

- Алматы қаласынан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, «Этнопедагогика және этнопсихология ғылыми зерттеу» орталығының директоры, п.ғ.к. профессор Қожахметова Клара Жантореевна қатысып, «Формирование этнопедагогической компетентности педагогов в системе повышения квалификации как фактор успешной этнической социализации школьников» баяндама жасады.

- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, п.ғ.к. Г.Р.Бахтиярова «Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың көкейкесті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

 

Халықаралық ғылыми – практикалық конференция соңында жеке тұлға қалыптастырудың этномәдениеттік  басымдылықтары негізінде ұсыныстар қабылданады.

 

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдері бойынша оқу  бағдарламалары

 «Көптілді білім беруді дамыту – қазіргі заманғы білім басты бағыты»

 облыстық байқауы

 

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау мен қолдау мақсатында, осы бағыт бойынша олардын іс- тәжірбиесін  зерттеу мен тарату, «Көптілді білім беруді дамыту – қазіргі заманғы білім басты бағыты» атты байқау қашықтық нысанда өтті.

Байқаудың басты міндеттері:

-            Облыстағы қазақ, орыс, ағылшын тілі пәні бойынша мұғалімдердін  үздік оқыту бағдарламаларын анықтау;

-            Облыс  педагог қызметкерлерін ынталандыру мен қолдау;

-            Оқытудың ішкібағытын  дамыту, жеке жалпы білім беретін траекториясын дамыту;

 

Оқыту бағдарламалары бойынша қашықтан өткен  байқауда гуманитарлык пән педагогтары қатысты. Ауданнан 15 қатысушы  тіркелді. Экспорттық коммисия байқауға қатысқан 13 бағдарламаны қарап, жүлделі орындармен номинациялар анықталды.

Байқау ережесіне сәйкес Хромтау ауданын өкілдерінің  үздік бағдарламалары үздік деп танылды. Осы мұғалімдердің жұмыстары  басқа бағдарламалардан  ерекше құрлымымен, анықтамалық-әдістемелік қамтамасыз етілуімен,   әдістемелік кеңесте бекітілгендігімен, оқушылардың  жас

ерекшелігіне сәйкестігімен ерекшеленді.

 

І дәрежелі диплом –Ермұханова А.Ж. Жолдыбаева Ж.Ж. қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Хромтау ауданы №4ОМ

ІІ дәрежелі диплом –Жанұзақова Т.З., қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Хромтау ауданы №5 мектеп – гимназия

ІІІ дәрежелі диплом – Молдагарина А.Т. ағылшын  тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Алғыс хат – Бисембаева Т.Т. биология пәнінің мұғалімі, Ақтөбе қаласы  №21 үштілде оқытатын мектеп

 

Барлық сайысқа қатысушыларға  қатысқан туралы сертификаттар  табыс етілді. Үздік оқу бағдарламалары институт сайтына шығарылады.