Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 20-27 желтоқсанға ақпарат

27.12.2016 pdf_icon 642 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасының негізінде

орыс, қазақ, ағылшын тілдері мен әдебиеті сабақтарында интербелсенді оқу әдістерін қолдану жолдары» семинарының

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

1. Қысқаша ақпарат: семинар білім берудің жаңартылған мазмұнының шеңберінде орыс, қазақ, ағылшын тілдері мен әдебиет пәнінің мұғалімдеріне арнайы ұйымдастырылған. Мұғалімдерге оқу-тәрбие үдерісінде қолданатын жаңа белсенді әдіс-тәсілдер, оқу сабақтарын тиімді модельдеу ұсынылды. Семинар интербелсенді оқыту әдістері түрінде өткізілді.

2. Мақсаты: орыс, қазақ, ағылшын тілдері мен әдебиет пәнінің мұғалімдерінің оқу-тәрбие үдерісінде қолданатын интербелсенді әдіс-тәсілдерін көрсету.

3. Қатысушылар: орыс, қазақ, ағылшын тілдері мен әдебиет пәнінің мұғалімдері

4. Бағыттары: (қысқаша бағдарлама)

- заманауи құзыреттіліктерін жетілдіру және дамыту;

          - тренингтер.

5.Қысқаша сипаттама: семинар теориялық (дәрістік) бөліктен және практикалық жұмыстан тұрады. Дәрістік бөлігі теориялық материалдармен ұсынылған, тақырыптың мазмұнын ашады. Практикалық бөлігінде оқытудың интербелсенді әдістері пайдаланылады. Семинар білім беру бағдарламасының мазмұнын жаңарту аясында МЖМБС қойылатын талаптарын жүйелеуге көмектеседі, ынталарын  арттыра отырып, мұғалімдерді шығармашылыққа, білім беру процесінде интербелсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлау, танымдық және ойлау қызметін дамытады.

6. Нәтиже – ұсыныстар.

7. Жұмыс тілдері: орысша, өткізілу мерзімі - 22.12.2016ж., мекен жайы - Тараз қ., Астана ш\а, № 53 орта мектебі. 

 

 

 «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ағылшын тілі сабағында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында өткізілген облыстық семинардың

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

1.   Қысқаша жалпы мәлімет: Семинар барысында ағылшын тілі пәнінен жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін  педагогтардың критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар тыңдаушыларға тұсаукесер презентациялары арқылы тапсырмаларға дескрипторлар мен критерийлер құру туралы мағлұматтар берілді. Семинар қатысушылары тақырып бойынша көкейкесті сұрақтарына толыққанды жауаптар  алды.

2. Мақсаты: ағылшын тілі пәні бойынша критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

3.      Қатысушылар: ағылшын тілі пәні мұғалімдері.

4.      Бағыттары:

- критериалды бағалау жүйесімен танысу;

- дескрипторлар мен критерийлер құрастыру;

- кері байланыс алу.

5. Қысқаша сипаттамалары:

- пән бойынша жиынтық бағалауға арналған және ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес тапсырмаларды  құрастыру  жолдары ұсынылды;

            - оқу мақсаттарына тапсырма құрастыру мен тапсырмаларға дискрипторлар, балл қою тәсілдеріне мысалдар келтірілді.

6. Нәтижесі (күтілетін нәтижелер)-ұсыныстар.

7. Жұмыс тілдері - қазақ, орыс, ағылшын, өткізілген мерзімі: 2.12.2016ж., мекенжайы Тараз қаласы, Төле би көшесі 69 А, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ.