Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

СҚО: БАСҚАРМАҒА ҚҰРМЕТПЕН

29.12.2016 pdf_icon 595 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Құрметті Гүлнас Кенжетайқызы!

Сізді, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма басшысы, Басқарма басшысының орынбасары және ұжымы мені «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі марапатына ұсынғаныңыз үшін құрметпен алғысымды білдіремін!


Мен өзімді бақытты адаммын деп санаймын. Себебі, мен «Өрлеу» БАҰО» сүйікті ісіммен айналысып отырмын. Сондай-ақ солтүстікқазақстандық филиалының креативті және ұйымшыл ұжымы, басқа да 16 филиалдың кәсіби шебер -директорлары, басқарманың құзыретті және білікті мамандары менімен бірге. Өз ісіме деген сүйіспеншілігім мен адалдығымды менің жақындарым түсінеді.

Бұл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына берілген марапат мен үшін өте маңызды. Себебі, мен осы елде туылып өстім, отбасын құрып, білім алдым, өсіп - өркендедім. Осы жылдар ішінде Еліммен бірге сапалы бәсекеге қабілетті білім берудің әлемде мойындалған мемлекеттік әлеуметтік негізін құруға өз үлесімді қостым.

http://www.ipksko.kz/images/2016/12/26/FotorCreated3.jpg

Бұл марапат филиал бойынша менің және менің әріптестерімнің жауапты да ерен еңбектерінің, солтүстікқазақстандық педагогтердің жетістіктері мен бастамасы, шетелдік, әлеуметтік-білім беру серіктестермен, жергілікті атқару органдарымен өзара әрекет нәтижесінің жиынтығы.

Біздің қоғамымызда объективті заңдылық: кез келген марапатты алған адам қайтарымы болатындай еңбек етуі тиіс деген ойдамын.

Мен 2017 жылы біздің ұжым жауапты да мықты, қызықты да табысты жұмыстарды атқаратынына сенемін.

Құрметті Гүлнас Кенжетайқызы, бізге артқан сеніміңіз бен ұжым еңбегін жоғары бағалағаныңыз үшін алғыс білдіремін.

 

Игі тілекпен және құрметпен Алма Мурзалинова.

28 желтоқсан 2016 жыл.