Біздің филиалдар

БжҒМ сайтының информері

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Пилотты мектептерде оқыту семинарлары өтті

11.01.2017 pdf_icon 10 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған жеке тұлғаның толыққанды жан-жақты дамуы үшін Қазақстан Республикасында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилотты білім беру ұйымдары құрылды. Ақмола облысында бұл статус Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-гимназиясы мен Красный Яр мектеп-гимназиясына, «Арман» және «Арай» балабақшалары мен Щучинск қаласындағы педагогикалық колледжге берілді. «Бөбек» ҰҒПББСО-ның тапсырысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ» тренерлері А.Б. Абдраимова мен А.Р. Басболатова әдістемелік қолдау көрсету мақсатында  2017 жылдың 5-6 қаңтар күндері білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының пилоттық мектептерінің қатарына енгізілген Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-гимназиясы мен №3 Красный Яр мектеп-гимназиясының базасында «Өзін-өзі тану»  пәні жалпы білім беретін орта мектептердің  жүйе құрушы педагогикалық  мүмкіндіктерін жүзеге асыру әлеуеті» тақырыбында оқыту семинарларын өткізді.

Семинарға барлығы 120 адам қатысты. Семинар аясында қатысушылар заманауи педагогиканың өзекті мәселелері, өзін-өзі танудың негізі ретіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар, бағдарламаның психологиялық-педагогикалық негіздері және «Өзін-өзі тану» пәні мен басқа пәндердің интеграциясы туралы дәрістер тыңдады.

         Практикалық сабақтар «Өзін-өзі тану» бағдарламасының ұстанымдарын сабақ және сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы игеруге бағытталды.  

          Пікірталас алаңшаларында оқушыларды тәрбиелеудегі рухани-адамгершілік білімнің рөлі туралы айтылып, ұлы классиктердің пікірлері талқыланды. Қатысушылардың пікірі бойынша, оқыту семинарлары білім беру үдерісіндегі әр субъектінің ішкі әлеуетін ашуға жағдай жасап, педагогтарға тәжірибе алмасу мен шығармашылық ізденісте көмекші болып табылады.