Біздің филиалдар

БжҒМ сайтының информері

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Мерекелік іс-шара

11.01.2017 pdf_icon 72 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігі мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ және Француз Альянсының қолдауымен І.Есенберлин атындағы №25 гимназияда Рождество мен Жаңа жылды Францияда мерекелеу дәстүріне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Салтанатты жиынға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ, Француз Альянсының өкілдері, №25 гимназия әкімшілігі мен мұғалімдері қатысты. Шет тілі пәндері мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру,  Жаңа жылды Францияда меркелеудің ерекшеліктерін оқушыларға түсіндіру мақсатында гимназия бұл мерекені жыл сайын атап өтуді игі дәстүрге айналдырған.

Биылғы жылы да оқушылар арасында француз тілінде өлеңдер оқылып, әндер орындалды, француз ұлттының билері мен драмалық пьесалардан үзінділер көрсетілді. Сонымен қатар Франция мәдениеті мен дәстүрлері туралы оқушылар танымының деңгейі бойынша викторина ойыны ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға франциялық Санта Клаустан бағалы сыйлықтар берілді.

Алматы қаласындағы Француз Альянсының директоры, француз тілі және білім беру ісі бойынша атташе Лор Дю Тэйе ханым оқушылардың француз тілін игеру деңгейін жоғары бағалап, мерекелік іс-шараның француз  мәдениетінің  рухына бай екендігін атап өтті.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Петрова Л.Б. осы кәсіби жоғары деңгейде өткізілген іс-шараны ұйымдастырған гимназия әкімшілігіне және сыныптан тыс көрсетілген оқушылардың қызығушылық пен шығармашылыққа толы өнеріне алғысын білдірді.

 

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ

Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ

Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімі