Біздің филиалдар

БжҒМ сайтының информері

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Облыстық шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге арналған тәжірибе алаңы

12.01.2017 pdf_icon 61 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2017 жылдың 5-9 қаңтар аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Жаңақорған» шипажай базасында облыс көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзырлылығын, тұлғалық қасиеттерін дамыту, үздік жұмыс тәжірибесін анықтау, қолдау мен ұстаз мәртебесін жоғарылату мақсатында облыстық «Тәжірибе алаңы» өткізілді.

Облыстық «Тәжірибе алаңына» білім беру саласының қызметкерлерімен қатар облысымыздың шығармашылықпен жұмыс жасайтын белсенді 90 мұғалімі қатысты.

Семинарды ұйымдастыру комитетінің құрамында: институт директоры Б.Елеусінов, Облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназарова және институт қызметкерлері болды. Облыстық тәжірибе алаңының ұйымдастыру жұмыстарына жалпы басшылық жасау С.Кұсейновке жүктелді.

Белгіленген 4 күннің ішінде біршама іс-шара өткізу жоспарланды. Ұйымдастырушылардың жоғары деңгейде үйлестіре білу әрекеттерінің нәтижесінде уақыт тапшылығына қарамастан барлық шараны өткізу мүмкіндігіне қол жеткізілді. Қатысушылардың шығармашылық еңбегін айқындайтын әрбір материал алаң жұмысы барысында өздерінің және тәуелсіз сарапшылардың тезінен өткізіліп, лайықты бағаланды, бағыт-бағдар беріліп, жетілдіру бағытындағы ұсыныстарымен толықтырылды.

Жиын аясында «Мұғалімнің жеке ізденіс зертханасы» атты кәсібилік көрмелер көрініс тапты. Көрмеде шығармашыл мұғалімдердің инновациялық жобалары, ғылыми ізденістері және облыстық, Республикалық, Халықаралық деңгейде марапатталған мұғалімдер жетістіктері көрсетілді.

Облыстық «Тәжірибе алаңы» барысында «Үздік авторлық бағдарлама-2017» байқауы, «Облыстық тәжірибе алаңы: проблемалар-перспективалар» атты дөңгелек үстел, «Оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары» атты идеялар аукционы ұйымдастырылып, «Брейн-ринг-2017» танымдық сағаты өткізілді.

Институттың Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Ж.Жұбауованың жетекшілігімен критериалды бағалау, заманауи сындарлы, құзырлы сабақтар, Ш.Бекеновтің жетекшілігімен «Е.Дүйсенбаевты еске алуға арналған поэзия кеші», ұйымдастыру алқасы А.Сапардың жетекшілігімен «Ауыл кеші көңілді» атты өнер кеші көрсетілді. Сонымен қатар С.Құсейновтың жетекшілігімен «Жаңартылған білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқыту мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес, «Жаңартылған білім беру мазмұнын жаңартудың алғы шарттары» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.