Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Пилоттық мектептер базасында "Өрлеу" БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы ПҚБАИ корпоративтік оқыту тәжірибесін дамыту туралы

18.01.2017 pdf_icon 543 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ПҚБАИ Павлодар облысы бойынша мамандары  2017 жылғы 16 қаңтарында Павлодар қаласының № 39 ЖОМ педагогикалық ұжымы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың үздіксіз жүйесін құруда бірлескен жұмысты ұйымдастыру мақсатында корпоративті оқыту практикасын енгізу негізінде үздіксіз білім беру Университетінің сессиясын  өткізді.

Мектептің ресурстық әлеуетін дамыту бағыттары интерактивті режимде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда негізгі міндеттерді сапалы орындауды іске асыру педагогтердың белсенді қатысуымен талқыланды.

Педагогтер түрлі ақпарат көздерімен жұмыс  істеуде қызығушылық танытып, әрбір тапсырманы ынтамен орындауға және қойылған міндеттерді анықтауда белсенділік танытты. Мақсатқа жету жолдары педагогтердің ұтқырлығы,  дайындығы, кәсіби шеберлік деңгейін арттыруда  табысты болуы және  мектеп қызметінің жетістігіне  жол ашу болып табылады.

Қазіргі мектептің даму стратегиясының басым бағыттарының бірі оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда  жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуде № 39 ЖОМ педагогикалық ұжымы корпоративтік оқыту арқылы үздіксіз біліктілігін арттыру жүйесінің моделінің даму бағыттарын айқындады.

«Өрлеу» БАҰО»  АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ баспасөз орталығы