Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл» атты дөңгелек үстел

19.01.2017 pdf_icon 494 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2017 жылдың 17 қаңтары  күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл» Қазақстан  мемлекетінің мызғымас  идеялық тұғыры» атты  дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің  мақсаты  - Қазақстан Республикасы  тіл саясатының тұжырымдамасы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қол жеткізген жетістіктерімен бөлісу, ой толғау.

Дөңгелек үстел барысында қарастырылған мәселелер:

1) ҚР тіл саясатының тұжырымдамасы аясында сауаттылықты арттырудың тиімді жолдар». 

2) «Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл» Қазақстан  мемлекетінің мызғымас  идеялық тұғыры аясында оқушылардың  рухани-патриоттық  тәрбиесін дамыту мәселесі. 

3) Қазақ әдебиеті сабақтарында әдеби шығармалар оқу арқылы ой-өрісін дамыту мәселесі. Осы мәселелер төңірегінде «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» идеясының басты мақсаты мен міндеттері, оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытудың жолдары, тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары туралы №14 ОМ мұғалімі Тасболатовтың Б.Ш. баяндамасы  белсенді талқылауды  туғызды.

Адамгершілік білім беру тақырыбын жалғастыра отырып Сейдахметова Б. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру үшін оқушылардың бойында қандай қасиеттер болу керектігін және «Мәңгілік ел» идеясында сөз болатын қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларды көрсететі.

Сонымен қатар қатысушылар  ҚР тіл саясатының тұжырымдамасы аясында сауаттылықты арттырудың тиімді жолдарын айқындап, өздерінің тәжірибелерінде кездесетін қиындықтар аясы мен оны шешу жолдары туралы ашық пікір таластырып, ой толғады. 

ЖҒ(Г) ПОӘ және ИТ кафедрасының аға оқытушысы Алькенова Б.К.