Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін оқыту

23.01.2017 pdf_icon 557 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2017 жылғы 9-20 қаңтар аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін оқыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының жаңаруы жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталды.

Курс барысында мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытуда пайдаланылатын тиімді педагогикалық технологиялар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны жаңаруының  түйінді басымдықтары мен бағыттарын меңгеру, ағылшын тілін үйретуде мектеп жасына дейінгі балалардың жетістіктерін бағалау мәселелері қарастырылды. Кері байланыс орнату  мақсатында тыңдаушылар шағын-сабақтар көрсетіп, жоба жұмыстарын қорғады. Курс қорытындысында тыңдаушыларға біліктілікті арттыру сертификаттары табысталды.