Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

СҚО: Мұғалім - мәңгілік оқушы

24.01.2017 pdf_icon 538 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

"Мұғалім - мәңгілік оқушы" дегенді жиі естиміз. Шынымен де, мұғалім балаларға білім беру мен тәрбиелеуде өзінің кәсіби біліктерін жақсартып үнемі білімін, сонымен қатар рухани-адамгершілік қасиеттерін жетілдіріп тұруы қажет.

Мұғалім тәрбие қызметіне салғырт қарап, баланың жеке тұлғалық қасиеті мен қажеттіліктерін, ішкі жағдайын ескермей оқу материалын жаттанды беретін болса, адамзаттың ең құнды сезімдері мен сапаларының жойылуына алып келеді: махаббат, сенім және т.б..

Өзін-өзі тану мұғалімдеріне оқушыларға мейірімділік пен жылулық танытуда үлкен міндет жүктелген. Біз, «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» (16.01- 27.01.2017) тақырыбындағы курсының тыңдаушылары алдымызда жауапты іс тұрғанын түсінеміз. Әрине, адам өзін-өзі тәрбиелеу, дамыту құралдары арқылы өмір бойы білім ала отыра өзінің мәдени деңгейін арттыруы тиіс. Курс аясында теориялық және тәжірибелік білімдерді ғана алып қоймай, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драмтеатрында өткен «Сыған серенадасы» пьесасын да тамашалауға мүмкіндік болды.

Өнер әлемі - біздің әлемдегі рухани бай құбылыс болып табылады. Өнер саласында «уақыт» деген ұғым жоқ, ол әрқашан өзекті болады. Театр өзінің сан ғасырлық тарихына қарамастан тұлғаны ойлауға, өзінің өмірінің мәнін түсінуге, өзінің қателіктері мен жеңістерін көре білуге көмектеседі.

Біліктілікті арттыру курстарында біз үнемі өзгеріс үстінде боламыз. Бұл өзгерістер сырттай көрінбеуі де мүмкін. Бірақ адамның бойынан мейірімділік, тыныштық, қуаныш нұры кеңістікте жарқырап тұрса, басқалар бұл өзгерістері көретіні анық. Ш. А. Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына сүйіспеншілікті дамыта алмайды..» деген пікірінен жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытуда ұстазға қойылатын талаптың маңыздылығын байқауға болады. Сондықтан да балаға білім ұшқынын сыйлау үшін мұғалім жарық сәулесімен өзі нұрлана білуі керек.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» ұжымына және жетекшіміз Айнагул Жакенқызына алғысымызды білдіре отырып, қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарымыздың жандануына септігін тигізетін білім мен біліктілігімізді шыңдауға мүмкіндік жасағаны үшін алғысымыз шексіз.

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері»

тақырыбындағы курсының тыңдаушылары