Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Іс-тәжірибемен танысу: теориядан практикаға

26.01.2017 pdf_icon 431 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2017 жылдың 24 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ Шахтинск қаласының Аубакир Исмаилов атындағы балалар көркемөнер мектебі базасында «Сәндік қолданбалы қолөнер элементтерін қолдана отырып бұйым үлгісін жасау әдістемесі» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар қатысушылары: бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімдері, біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары.

Семинардың мақсаты: бейнелеу өнері және сызу пәнін оқытуда жаңа тәсілдерді жүзеге асыруға үлес қосу.

Семинар барысында қатысушылар бейнелеу өнерін оқыту кезінде оқытушы тек өзінің жеке көркем тәжірибесіне ғана сүйенбей, үнемі жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың визуалды мәдениетін дамыту бойынша жан-жақты оқыту қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді. Семинардың практикалық бөліміндегі шеберлік сыныбы алаңында қатысушылар Балалар көркемөнер мектебінің жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдерімен танысуға мүмкіндік алды. Әріптестер «Пейзаж в технике Линогравюра» және «Войлоковаляние» тақырыбында шеберлік сыныптар өткізді.

Тыңдаушылар семинарды қорытындылай келе, өткізілген шеберлік сыныптың мазмұнды әрі олардың әдістемелік қоржынын толтырғандығын атап, кәсіби ынтымақтастықта жұмыс жасау тәжірибесі үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.