Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Білім берудің тәрбиелік компонентін үйренеміз

27.01.2017 pdf_icon 511 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2017 жылдың 25 қаңтарында Қарағанды қаласының ХББ НЗМ “Өрлеу” БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ біліктілікті арттыру  курсының  тыңдаушылары педагог-психологтармен кездесті. Семинардың мақсаты: "НЗМ" тәрбиелік жүйесімен танысу. Семинардың модераторы: Қарағанды қаласының  ХББ НЗМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Т. Умарбекова, “Өрлеу” БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ БжБС кафедрасының меңгерушісі Г.К. Ибрагимова.

Психологтар Зияткерлік мектептердің тәрбие жұмысы жүйесінің төмендегідей ерекшеліктерімен танысты:

  - Қазақстан Республикасының, сонымен қатар тұтас әлемнің игілігі үшін жұмысқа дайын, адал әрі қамқор жоғары адамгершілікті, дербес тұлғаны тәрбиелеуге, азаматтық жауапкершілік пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған;

- Сабақ пен сабақтан тыс уақытта құндылық пен кең спектрлі дағдыларды қалыптастыру арқылы оқушыларды тәрбиелеуде «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы негізінде құндылыққа бағдарланған қадамдарды жүзеге асыру.

 

Тыңдаушылар білім беру үдерісінің қолдауымен психологиялық-педагогикалық жүзеге асыратын психологиялық қызметтің жұмыс жүйесімен аса қызығушылықпен танысты. Зияткерлік мектептер тәрбие жұмысында әлеуметтік жобалар мен тәжірибеге ерекше мән беріледі. Зияткерлік мектептің барлық қызметкерлерінің оқу-тәрбие үдерісіне тартылуы, мектептің ата-аналармен ынтымақтастығы – тәрбие жұмысының басты табысты шарты. Оқушылар «Шаңырақ» мектеп қауымдастығы арқылы өзінің жан-жақты дамуы мен шығармашылық әлеуетін,  «Туған елге тағзым», «Зияткерлік мектептің оқушыларына оқуға ұсынылған 100 кітап», «2 апта ауылда», «10 күн ата-аналарының кәсіпорнында», «TEDx», «Wikipedia», «Қоғамға қызмет», «Қазақ әндері», «Көшбасшылық сабақтар» және  т.б. іс-шараларды жүзеге асырады.

Оқуды насихаттаудың әр түрлі әдістері ұсынылды: «Book Dingo», «Keyword Hexagon», «Газетті қолданумен ұзақ оқу», мектептің кітапхана жұмысында IT (ақпараттық технологияларды) қолдану, оқушылар мен мұғалімдерге арналған оқу клубын басқару, «Graphic organizer», «Infographics» жобалық-зерттеушілік іс-әрекетті кезеңімен ұйымдастыру. «Сіздің сұрақ» интерактивті алаң аясында Қарағанды қаласының ХББ НЗМ  тәрбие жұмыстарын  жүзеге асыру мәселелері бойынша қызу пікірталас  өтті. Барлық қатысушылар көптеген жаңа әрі маңызды білім алғандарын, сондай-ақ осы алған білімдерін өз жоспарларына енгізетінін атап көрсетті. Семинарға қатысушылар өздерінің кәсіби байланыстар аумағын кеңейтті  және бірлескен жұмыс бағыттарын алдын ала талқылады.