Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Ақмола облысында «Білім беру ұйымдарындағы электронды оқыту жүйесі негізіндегі педагогикалық қызметкерлердің АКТ-құзыреттілігі» тақырыбы бойынша курстар өткізілді

13.11.2014 pdf_icon 942 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2014 жылдың 29 қыркүйек пен 7 қараша аралығында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Ақмола облысының қазақ және орыс тілінде оқытылатын білім ұйымдарының 642 педагогы, білім беру ұйымдарының 342 жетекшісі, 300 пән мұғалімдері оқытудан өтті. Курс жетекшілері –  Smart-оқыту, электрондық жүйені енгізу мәселелері бойынша Оңтүстік Кореяда (Сеул қ.) машықтанудан өткен және электронды оқыту жүйесінің аймақтық тренерлері ретінде сертификатталған ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметкерлері: Муканова Р.А. (АТ бөлімінің басшысы) Д.М.Сейпиев, А.Б.Омарова, С.А.Шокимова (АТ бөлімінің бас мамандары). 

Біліктілікті арттыру курс бағдарламасының мазмұны мұғалімдердің АКТ-құзыреттіліктерін арттыруға ғана бағытталып қоймай, сонымен қатар, оны оқу-тәрбие үдерісінде АКТ пайдалануына ынталандырады. Әр модуль электронды оқытудың ақпараттық жүйесінің моделіне сәйкес оқыту мен білім беру ұйымын басқару бойынша негізгі тараулардан тұрады.

 

Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарына сәйкес және Қазақстан Республикасының орта біліміндегі электронды оқытуды дамытудың 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде әзірленді. 

Сабақтарда оқытудың белсенді стратегиялары қолданылды: ой шабуылы, диалогтық тәсіл, талқылау, пікірталас, жобалар, жаттығулар мен жеке тапсырмалар.

Курс аясында электронды оқыту жүйесін енгізу технологиясы бойынша конференция өткізу қарастырылды. Оның барысында педагогикалық, басқарушылық қызметте АКТ-технологияларды пайдалану аясында тәжірибе алмастырылды. Баяндама оқығандар мектептің АКТ – инфрақұрылымы туралы таныстырылымдар, сабақта компьютерлік техника мен интерактивті құралдардың практикалық пайдалануын, педагогтардың желілік өзара қарым-қатынасын, жұмыс тәжірибесін және оқу меңгерушілерінің жұмысы үшін нақты әзірленген есеп үлгілерін, Excell бағдарламасында мектептің электронды сабақ кестесін құруды және т.б. көрсетті. Конференция қорытындысы бойынша педагогтар өздерінің баяндамаларында оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға, оқушының коммуникативтік және әлеуметтік,  жеке қабілеттерін дамытуға, оқытуды даралау және саралау мүмкіндіктерін кеңейтуге, оқушыны белсенді таным субъектісі ретінде тануға, оның өзін-өзі бағалауын мойындауға, өзінің кәсіби міндеттерін орындауға арналған тез өзгеретін әлеуметтік жағдайларға бейімделуге әсер ететін, оның барысында оқушы өзін-өзі оқытатын және өзін-өзі дамытатын жеке оқу қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Қорытынды сауалнама талдауы бойынша, мұғалімдер білім беру үдерісіне электронды оқыту жүйесін енгізу маңыздылығын түсініп, курстық іс-шаралар кезінде алған білімнің өзектілігін, пән бойынша оқу қызметіне электронды оқыту технологияларын енгізу тиімділігін жоғары бағалайды және кәсіби қызметте оқыту нәтижелерін пайдалануға ынтасы артады.