Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Жаңартылған білім бағдарламасы мазмұнының ерекшеліктері және тіл пәндерін оқытуды тиімді жоспарлау, оқыту және бағалау» атты қалалық семинар

30.01.2017 pdf_icon 501 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2017 жылғы 25 қаңтарда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқытудың әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Ж.М.Ибраева Бостандық ауданына қарасты  №38 Қазақстан-Ресей гимназиясында «Қалалық әдістемелік кабинет» ғылыми-әдістемелік зертханасымен бірлесіп «Жаңартылған білім бағдарламасы мазмұнының ерекшеліктері және тіл пәндерін оқытуды тиімді жоспарлау, оқыту және бағалау» тақырыбында қалалық семинар өткізді.

Семинарға Алматы қаласы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Жаңартылған  білім беру мазмұнының ерекшеліктері мен тілдік дағдыларды дамытудың әдіс-тәсілдері туралы талқыланып, өзара тәжірибе алмасты.

№38 Қазақстан-Ресей гимназиясы қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  мұғалімдері Б.Буланбаева, А.Утеулиева, А.Налибаева, Р.Кәдірбек, Ж.Талғатқызы, Б.Доспосынова, Г.Бердіқожаева 1,2,3-сыныптармен  шеберлік сабақтар өткізді. Жоғарғы санатты қазақ тілі пәнінің мұғалімдері С.Кужакова «Критериалды бағалаудың тиімділігі», А.Бекетова «Тілдік дағдыларды бағалаудың тәсілдері» тақырыбында коучинг өткізді.

Семинар соңында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сертификатталған қала мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Мұғалімдер өз ұсыныстарын айтып, семинар жұмысы қорытындыланды.