Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Қысқы Универсиада -2017

30.01.2017 pdf_icon 438 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ-ның кітапхана қызметкерлері XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ашылуына арналған мазмұнды көрме дайындады. Көрмеде дене шынықтыру және спорт әдістемесі бойынша оқыту кітаптары, Қазақстанның спорттық жетістіктері мен Универсиадаға дайындығы туралы газет пен журнал беттеріндегі мақалалар, сондай-ақ тиісті инфографика ұсынылды. Универсиада әлемдегі ең маңызды бұқаралық-спорттық және мәдени оқиғалардың бірі болып табылады. Универсиаданың басты мақсаты - спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде жақындату.

Алматы  посткеңестік кеңістікте бірінші рет 2017 жылы XXVIII қысқы Универсиаданың астанасы болды. Бұған дейін спорттық жастар ойыны, тек жазғы спорт 1973 жылы - Мәскеуде, 2013 жылы – Қазанда өтті.  

2017 жылғы қысқы Универсиада талисманы - Сұңқар құсы. Қазақ даласындағы мықты, еркіндік сүйгіш, жылдамдық пен ұшудың, жылдамдық пен энергияның және жеңіске жетудегі зор талаптың белгісі. Яғни, жас спортшылардың бойындағы қасиеттердің барлығы.

2017 жылғы қысқы Универсиада логотипі жайылып тұрған құс қанаты бейнесінде: солдан жоғары көтеріліп тұрғаны биіктікті және шыңды бағындыру деген мағынаны білдіреді.Универсиаданың ұраны – «Қанатыңды кең серпі!», жас спортшыларды спорттың биік шыңын бағындыр дегенді білдіреді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ –ның кітапхана қызметкерлермен ресімделген кітап-иллюстративті көрмесі тыңдаушыларды Универсиада сияқты осындай маңызды оқиғалармен хабардар етіп қана қоймай, жастарды денешынықтыру және спортпен айналысуға жұмылдырады, салауатты өмір салтын насихаттайды.