Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Робот техникасының білім беру әлеуеті» тақырыбындағы семинар

30.01.2017 pdf_icon 478 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2017 жылдың 30 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институттың «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасы профессорлық-оқытушы құрамы «Робот техникасының білім беру әлеуеті» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ҚР білім беру жүйесіндегі  «Робот техникасының» рөлі мен мәнін ашу.

Міндеттері:  

  • Білім беру ортасында «Робот техникасының»  оқушылардың инженерлік, нұсқаушылық, шығармашылық  идеялары  мен өз әлеуеттерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін  айқындау;
  • білім беру ұйымындағы оқыту үдерісіне «Робот техникасын» енгізу  мүмкіндігіне байланысты мәселелерді талқылау.

        

Іс-шара ББЖ ҚБАРИ профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлеріне арналып ұйымдастырылды.Семинарды «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары Жаксылыкова К.З., Ө. Қыдырбек. «STEM» - білімді қолдана отырып интербелсенді формада өткізді.

Коллаборативті ортада өзара әрекеттестік арқасында семинарға қатысушылар оқушылар үшін табысты оқу әрекетін, тиімді оқытуды, шығармашылық дамытуды көрнекі модельдеудің маңыздылығы мен мәнін ұғынды. Семинар қатысушыларды «Робот техникасының» білім беру әлеуетін түсінуге бағыттады.