Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫ: ОЙЛАЙМЫЗ, ТАЛҚЫЛАЙМЫЗ, ӘРЕКЕТ ЕТЕМІЗ

02.02.0001 pdf_icon 287 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2017 жылдың 1 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау бойынша кеңейтілген отырыс болды. Ұжым алдында баяндама жасаған директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, фил.ғ.к., доцент Мейрамгуль Жетписбаева Қазақстанның үшінші жаңғыруының бес басымдылықтарына баса көңіл бөле отырып, Жолдаудың негізгі ережелерін көрсетті.   

Филиал директоры, п.ғ.д., профессор Саулеш Муканова биылғы Жолдау – бұл мемлекетті экономикалық жаңғырту бойынша барлық қазақстандықтарға, оның ішінде біліктілік арттыру жүйесінің педагогтеріне де қатысты нақты тәжірибелік істің бағдарламасы екенін атап өтті. Маңыздысы адами ресурстар мен адами капиталға баса назар аударғаны болып табылады.  Жолдауда білім берудің басты мәселелері көрсетілген. Атап айтқанда, оқушыларда сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін және ақпарат алу үшін өздігінен іздену дағдыларын, IT-білімін, қаржылық сауаттылығын, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, үштілдік білімге біртіндеп көшу және басқаларды қалыптастыру.

Пікірталасқа Институттың "НҰР ОТАН" партиясы бастапқы ұйымының Төрайымы, МжТБ басшысы Наталья Сейтова және БжБС кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Кожанасиридин Абдикалыков қатысып, Елбасының  болашақтағы Қазақстан дамуының стратегиялық бағыттары туралы көзқарасын білдіретін саяси-құқықтық құжат ретінде Жолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Отырысты қортындылай келе, қатысушылар Жолдауда – білім беру жүйесінің рөлін өзгерту міндеті қойылғандығын атап өтті. Институт мемлекеттің экономикалық өсуінің жаңа моделінің  орталық элементі болып табылатын, білім беруді дамытуға зор үлес қосатын  болады.