Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарындағы жаңашыл педагогикалық менеджмент

18.11.2014 pdf_icon 910 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2014 жылғы 03 – 14 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының «СҚО ПҚ БАИ-да» техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының басқарушы қызметкерлері «ТжКБ оқу орындарының қызметін жаңашыл педагогикалық менеджмент негізінде жетілдіру» тақырыбында курстан өтті. Солтүстік Қазақстан облысы колледждерінің 25 оқытушысы курста өз біліктіліктерін арттырды.

Қазіргі кезеңде техникалық және кәсіби білім беруде қазақтандық қоғамды дамыту қызметіне адами капиталды «өсіру», экономиканың барлық саласына мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету жатады.

«ТжКБ оқу орындарының қызметін жаңашыл педагогикалық менеджмент негізінде жетілдіру» тақырыбында курс бағдарламасы ТжКБ ұйымдарының жас жетекшілері мен тәжірибелі мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға арналған. Курс тыңдаушылардың кәсіби жұмысының менеджменті аясындағы теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын орындауға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдануға, инновациялық қайта құрулар мен жобаларға әлеуметтік серіктестерді тартуға, қауіпті және нақты емес жағдайда мобильді реттеуге бағытталған. Осыған орай, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында басқару аясында, қамқорлық кеңестерінің жұмыстарында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені үйрету маңызды болып саналады. Осыдан үшінші мыңжылдықтағы адамзаттың, оның экономикалық,  интеллектуалдық, жеке тұлғалық, адамгершілік әлеуеті қандай болуы тәуелді болып келеді.

 

Мұндай маңызды және беделді курста дәріс-тәжірибелік сабақтарды да беделді лекторлар оқыды:

  • Мырзалинова Алма Жәкімқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалының «СҚО ПҚ БАИ» директоры;
  • Өтемісов Адлан Уқатайұлы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Техникалық және кәсіби білім беру  және біліктілікті арттыруды дамытудың республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ филиалының  директоры;
  • Литвиненко Владимир Викторович, педагогика ғылымдарының кандидаты, СҚО Кәсіпкелер палатасы басшысының орынбасары.

Бұл курс ТжКБ ұйымдары жетекшілерінің дәстүрлі ұйымдастырылған қызметін өзгертуге, колледж директорларының кәсіби құзыреттілігін арттыруға шақырады. Курс мазмұны менеджменттің негізгі қызметін орындау білігі мен дағдысын дамытуға әрекет жасайды.

Курс соңында тыңдаушылар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының «СҚО ПҚ БАИ-да» дәстүрге айналған көпшілік алдында қорғауға мүмкіндік алды. ТжКБ ұйымдарының жетекшілері атынан Петропавл теміржол колледжінің оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Татьяна Владимировна Никитина «Әлеуметтік серіктестікті дамытудың бір шарты -  дуалды оқыту жүйесі» деген тақырыпта жобасын қорғады.  

 

Бұл жобаның өзектілігі Қазақстан Республикасында кәсіби-техникалық және білікті жұмыс кадрларының жетіспеушілігімен анықталған. Татьяна Владимировна дуалды оқыту жүйесінің халықаралық және қазақстандық тәжірибесіне сараптама жасап, Петропавл теміржол колледжінде дуалды оқыту жүйесінің қалай жүзеге асырылып жатқандығымен сенімді түрде таныстырды. 

Айыртау ауданы Саумалкөл колледжінің директоры Серік Керейұлы Мусин   курстық даярлау туралы берген сұхбатында өз көзқарасын білдірді:


Жобаны көпшілік алдында қорғағаннан кейін, 2014 жылғы 03-14 қараша аралығында техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының басқарушы қызметкерлері мен директордың орынбасарларына «ТжКБ оқу орындарының қызметін жаңашыл педагогикалық менеджмент негізінде жетілдіру» тақырыбында курстан өткендері туралы сертификат тапсырылды.

Деревянкин А.В.

«Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі  кафедрасының» аға оқытушысы