Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

III Халықаралық Еуразиялық ассоциацияның білім сапасын бағалау конференциясы

19.11.2014 pdf_icon 913 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Ағымдағы жылдың 7-8 қарашасында Астана қаласында үшінші Халықаралық Еуразиялық ассоциацияның білім сапасын бағалау конференциясы (әрі қарай -ХЕАБСБ) «Білім сапасын бағалау жүйесінің ұлттық ерекшеліктері  мен даму бағыттары» тақырыбында өтті.

Конференция ХЕАБСБ және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірге ұйымдастырылды.

Конференция жұмысы пленарлық отырыс, Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінің ғалымдары, білім сапасын бағалаудың ұлттық және аймақтық орталықтарының мамандары, ЖОО, білімді дамыту, біліктілікті арттыру институттары, білім  сапасын басқару органдары, Дүниежүзілік банк өкілдерінің қатысуымен секция отырыстары өтті.

 

Конференция жұмысында ұлттық білім сапасын бағалау жүйесін дамыту, мемлекеттік емтихандарды ұйымдастыру және білім сапасының мониторингі, білім беру жүйесін басқарудың түрлі бағалау рәсімдерінің нәтижесін қолдану және білім беру саясатындағы өзекті мәселелерге байланысты сұрақтар талқыланды.

 

Іс-шараға Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Чехияның білім беру жүйесінің 100-ден астам мамандары қатысты.

Конференция жұмысында ҰЗУ ЖЭМ Институтының білім  сапасы мониторингі Орталығының бастығы, ХЕАБСБ президенті В.А.Болотов  қатысып, «ТМД елдеріндегі мектептің білім сапасы ұлттық жүйесі дамуының кейбір аспектілері: сараптамалық шолу» баяндамасымен, ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры К.С.Абдиев «Қазақстан Республикасындағы білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі» баяндамасымен, ҰЗУ ЖЭМ БИ Ресейдің тренинг орталығының директоры И.А.Вальдман «Оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі: әлем елдерінің сабақтары» баяндамасымен сөз сөйледі.

 

«Өрлеу»БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша ПҚ Біліктілігін арттыру институты директордың оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары Г.О.Медетбекованың «Педагогикалық қызметкерлердің курстық дайындығының мазмұнын жаңарту арқылы білім сапасын көтеру» баяндамасында педагог қызметкерлердің курстық дайындығы, курстан кейінгі бағалау сапасы және мониторинг жұмысының тиімділігі туралы сұрақтар қаралды.