Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Қалалық «Can we Save Biodiversity» экология бағытындағы ашық сабақ және «CLIL» дөңгелек үстелі

17.02.2017 pdf_icon 503 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Ағымдағы жылдың 15 ақпанда № 15 гимназия, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ануш Бондареваның «Can we Save Biodiversity» тақырыбында өткізген қала деңгейіндегі ашық сабағына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Л.Б. Петрова қатысып, сабақты қорытындылау үшін «CLIL» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Тіл мен пәнді кіріктіру «CLIL» әдістемесінің стратегиясын енгізу және дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға Алматы қаласының №№. 8, 15, 46, 69, 95, 105, 153, 178 мектептері мен гимназияларының мұғалімдері қатысты.

А. Бондарева сабақта оқудың белсенді әдістері мен оқыту қызметін ұйымдастырудың бірнеше түрлерін пайдаланды, сонымен қатар әдістемелерге негізделген ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданды, мысалы: ұялы телефондар іздеу мақсатында QR кодтары, интернет-сайттар және Рower Рoint презентациялық жобалар. Сабақ барысында мұғалім жақын арадағы даму аймағындағы оқушылардың танымдық дамуын жақсарту үшін әртүрлі сұрақтарды шеберлікпен қолданды. Жалпы  мұғалімдерге оқудың белсенді әдістері арқылы тіл мен пәнді кіріктіру «CLIL» әдістемесі тәжірибе түрінде көрсетілді.

Сабақ соңында ұйымдастырылған дөңгелек үстел жиынынына қатысушылар ашық сабақты талқылады. Аға оқытушысы Л.Б. Петрова оқушылардың белсенділігі және олардың оқу барысында ағылшын тілінде экология пәні терминдерін қабылдаулары Ануш Арташевна Бондареваның жоғары кәсіби деңгейдегі педагог екенін білдіретінін атап өтті.

Сондай-ақ жаратылыстану-математикалық циклінің мұғалімдеріне сабақта қолданылған терминологиялармен жұмыс жасау әдістемелерін ұсынды.

 

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы

бойынша ПҚ БАИ Қоғаммен байланыс

және баспа қызметі бөлімі