Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Рухани-адамгершілік білім беру - біліктілікті арттыру курсының басты тақырыбы

20.11.2014 pdf_icon 2510 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Өзін-өзі тану пәні адамның өзін-өзі тануына, 

өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын

 сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына  ықпал  етеді.

С.Назарбаева

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» 2014 жылдың 03-14 қараша аралығында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері үшін «Өзін-өзі тану» пәнін жаңа бағдарлама бойынша оқытудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбында қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курсқа барлығы 26 мұғалім қатысты. Курс тыңдаушылары Тайынша, Тимирязев, Аққайың аудандарының және Петропавл қаласының мұғалімдері болды.

 

Курс барысында қазіргі білім беру жүйесінің басым бағыттары негізінде рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша оқыту сапасы мен тиімділігін арттыру; «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-теориялық, әдістемелік негіздері бойынша білімдерін кеңейту мәселелері қарастырылды.  

 

Мұғалімдердің шығармашылық  әлеуеті, пәнді оқытуға деген ынталарының болуы сабақ мазмұнын аша түсті. Мұғалімдер аптаның әр күнін рухани-адамгершілік білімге бағыттап, түрлі шараларды да ұйымдастыра білді. Атап айтқанда, «Жақсы сөз-жан азығы», «Күлкі-өмір ажары», «Сүйіспеншілік – қуатты энергия» т.б. айбарлар бойынша аптаның әр күнін осы тақырыптарға орай бастап рухани-адамгершілік білімнің мазмұнын тереңдете түсті.

 

Тыңдаушылар сабақ құрылымы жіктемесінің басты кезеңінің бірі- Тыныштық сәті бойынша шеберлік сыныптарын көрсетіп, тәжірибе алмасты.

«Рухани-адамгершілік білім беру - гуманист ойшыл еңбектерінің өзекті тақырыбы» мәселесі бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Курс тыңдаушыларының гуманист-ойшылдардың еңбектерімен танысып, алған әсерлерін ортаға салып талқылады. Мұғалімдерді толқытып, шабыттандырған Тереза ананың нақыл сөздері, Амонашвилидің еңбектері болғандығын осы жұмыс барысында атап өтті.

Театр – өмір тынысы,-демекші, тыңдаушылар облыстық С.Мұқанов атындағы сазды драма театрының «Бір, екі,үш» атты драмалық қойылымын (06.11.2014) тамашалап, алған әсерлерін рухани-адамгершілік білім берумен байланыстыра отырып өрбітті. 

Тыңдаушылардың курс мазмұнын меңгеру деңгейлері өзіндік жұмыстары арқылы есепке алынды. Атап айтқанда, өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары, эсселері.

Сонымен қатар курс тыңдаушылары «Құндылықтар әлемінде» тақырыбында сыныптан тыс әрекетті де ұйымдастыра білді. 

Бұл шарада ән, би, қойылым мазмұндары мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделді. Мұғалімдер барлық жұмыс түрлерінде рухани-адамгершілік білім беру мәселесінің маңыздылығын көрсете білді.

Мұғалімдер осы бағыттағы жұмыстарды атқаруда өздерінің шығармашылық, танымдық әрекеттерін шебер  көрсете білді. 

Мұғалімдер осы бағыттағы жұмыстарды атқаруда өздерінің шығармашылық, танымдық әрекеттерін шебер  көрсете білді.

 

Мұғалімдер қауымы оқушыға жанатын алау ретінде қарап, оның лапылдап жануын қамтамасыз етуі тиіс. Курс барысында ұсынылған нұсқаулар мұғалімдердің іс-тәжірибелерінде басшылыққа алынып, өз жемісін береді деген сенімдеміз.

Байкенова С.Ж., «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы  бойынша тренер, «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасы

Мектепте тарихты оқыту: іс жүзінде және болашағы

Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар

бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен

жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы,

сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ,

бірақ ең қиын белестерден аса білдік.  Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды,

сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.

Н.Ә.Назарбаев

2014 жылдың 03-14 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» тарих, дінтану, құқық және қоғамтану мұғалімдері үшін «12 жылдық білім беруге көшу жағдайында қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы сабақтарда  критериалды бағалау нәтижелерін оқыту»тақырыбында қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курста Солтүстік Қазақстан облысының 21 мұғалімі біліктілігін арттырды.

 

Көптеген елдердің тарихи-қоғамтану білім беру жүйесінде біршама өзгерістер болды.Бұл өзгерістер оқытудың теориялық негіздерімен қатар тәжірибесін де қозғап өтті. Қазақстанның тарихи-қоғамтану білім беруіндегі трансформациялық, яғни кешенді факторларды атап кетуге болады.Олар: әлемдік білім беру кеңістігінде біздің еліміздің ықпалдасуы мен жаһандану үдерісі; жаңа білім беру саясатын іздеуге бағытталған барлық қоғамдық өмірдің радикалдық өзгеруі; мектептегі тарихи білім беру жүйесіндегі негіз болып табылатын тарихи ғылымның дамуының жаңа кезеңі; мектептегі тарихи білім берудің қазіргі жүйесін құрудың негізі болып табылатын педагогикалық ғылымның теориясы мен әдіснамалық дамуының жаңа кезеңдері.

 

Біліктілікті арттыру курсы аясында Қызылжар ауданы Бескөл №2 ОМ көшпелі тәжірибелік сабақ өткілді. Сабақты Кэмбридж бағдарламасы бойынша сертификатталған тарих пәні мұғалімі Растенов Р.И. өткізді.

 

Сонымен қатар көшпелі тәжірибелік сабақ барысында АКТ қолдану арқылы оқу мен тәрбие жұмысын психологиялық қамтамасыз ету бойынша жоғары санатты психолог Ахметова Г.М. шеберлік сыныбын өткізді.

Курстың аяқталуында тыңдаушылар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филалы «СҚО ПҚ БАИ» курсты аяқтаудың дәстүрлі жұмыс түріне арналған жобаларды  көпшілік алдында қорғауға қатысуға мүмкіндік алды. Тарих, дінтану, құқық және қоғамтану мұғалімдері курс тыңдаушыларының атынан

 

Мамлют ауданы, Мамлют №3 ОМ мұғалімі Байтлеев Сайран Даулатұлы «Тарихи өлкетану, оның тарих және сыныптан тыс шараларда танымдық әрекетті дамыту рөлі» тақырыбындағы жобасымен сөз алды. Атаулы жоба шығармашылық топ мүшелері: Козырева Е.М., Пинчук Л.И., Мерзляков В.Б., Байтлеев С.Д., Максимов С.В. қатысуымен дайындалды.

Жобаның өзектілігі қазіргі таңда туған өлкені зерттеуге деген қызығушылықтың маңыздылығында болып табылады. «Қазақстан Республикасы азаматының тұлғасын дамыту мен рухани-адамгершілік  тұжырымдамасы» бағыттарында көрсетілген баланы рухани-адамгершілік дамытудың негізгі баспалдақтары «ауыл, қала, аудан, облыс, туған өлкенің әлеуметтік және рухани өміріндегі дәстүр, құндылықтар, мәдени-тарихи ерекшеліктерін оқушылардың түйсінді қабылдауы» болып табылады.

 

Курстық даярықтың мазмұны жайлы Мамлют ауданы Мамлют №3 ОМ мұғалімі Байтлеев Сайран Даулатұлы өз сұхбатында айтып өтті.

Көпшілік алдында жобаларды қорғау бойынша тәжірибе алмасудан кейін қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсының сертификаттары табысталды.

Калиев Б.А.

«Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі»  кафедрасының аға оқытушысы