Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Халықаралық PISA зерттеулерін өткізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында оқытушы семинар

20.11.2014 pdf_icon 819 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

        «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» 2014 жылы 17-18 қараша аралығында Степногорск қаласы мектептерінің пән мұғалімдеріне арнап әдістемелік десант түрінде «Халықаралық PISA зерттеулерін өткізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында оқытушы семинар өткізді. Семинарға қала мектептерінің 124 педагогы қатысты.  Бірінші күні PISA тренерлері теориялық материал ұсынды: белсенді оқыту стратегиялары, тұлғалық-бағдарлы белсенді оқытудың әдістері мен тәсілдері және тренингтер өткізілді.

Семинардың практикалық кезеңінде мұғалімдер сабақтарын көрсетті, бұл сабақтардан заманауи сабақтарға қойылатын талаптар мен заманауи білім берудің көптеген аспектілері байқалды:  оқушыларға қоғам өміріне тиімді қатысуға мүмкіндік беретін құзыреттіліктерді қалыптастыру; функционалдық сауаттылықтың белгілі бір жағдайда нақты модельдерді қолдану арқылы оқушыларды әлеуметтендіруге қажетті болып табылатын бағытын қалыптастыру;  халықаралық салыстырма зерттеулер көрінісіндегі орта білім берудің мазмұнын жаңарту.

 

Семинар аясында ұсынылған материалдар педагогтарға оқушылардың функционалдық сауаттылығының жоғары деңгейін қалыптастыруда көмегін тигізеді.  Педагогтар өз тәжірибесінде пайдалана алатын функционалдық сауаттылықты дамыту жұмыстарының жаңа әдістері мен тәсілдері ұсынылды. Аталмыш тақырып бойынша екі апталық курстардан өткен пән мұғалімдерімен жеке кеңестер өткізілді.

Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, PISA тренерлерімен ынтымақтастық формалары анықталды.