Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 21 қарашаға ақпарат

21.11.2014 pdf_icon 822 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

17 қараша 2014 жыл

Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұжымында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы талқыланды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары, т.ғ.к., Сәкен Серікбаев «Ел болашағы – сапалы білімде» тақырыбында баяндама оқыды.

«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының доценті, п.ғ.д. Рахат Наурызбаева, кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Баймырза Кожамберлиев, «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі»  кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., Болат Ақбембетов «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдау төңірегінде өз ойларын ортаға салды.

17 қараша 2014 жыл

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

жинағында мақала жарық көрді

Ресейдің Тольятти Мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Категория «социального» в современной педагогике и психологии» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының доценті п.ғ.д., Рахат Наурызбаеваның «Развитие эстетических качеств личности в творческой деятельности средствами искусства» атты мақаласы жіберіліп, жарық көрді.