Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Филиалдардың корпоративтік өзара іс-әрекеті: Білікті басшы мектебі

01.03.2017 pdf_icon 435 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2017  жылдың 28 ақпанында Қарағанды филиалында «Білікті басшы мектебі: SMART-команда құру» онлайн семинарлар кезеңінің алғашқы семинары өткізілді.   Онда «Өрлеу» БАҰО» АҚ барлық филиалдары директорларының орынбасарлары қатысты. Семинар «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының 2016 жылдың 21 қарашасындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының корпоративтік өзара іс-әрекетін одан әрі дамытуға бағытталған, кеңейтілген отырыстың шешімдерін орындау мақсатында ұйымдастырылды.   

Семинар барысында тиімді басқаруда команданың жұмыс рөлін  өзектілендіру үшін, Қарағанды филиалы тәжірибесінде  SMART-команданы құру мен дамытуға тәсілдер ұсынылды.  

Институт директоры С.Д. Муканованың сөйлеген сөзінде  институт қызметінің сапа көрсеткіштерін арттыруға бағытталған, тиімді басқару жүйесін жасау қағидалары қарастырылды. Қарастырылған жүйе негізінде – жүйелік және процестік тәсілдерді қолдануда білім беру қызметі сапасына әсер ететін, барлық процестерді алгоритмдеу.

Институт кафедраларының меңгерушілері М.П. Кушнир мен Г.К. Ибрагимованың таныстырылымдары біліктілік арттыру жүйесінің білім беру қызметін көрсетуді қамтамасыз етудегі команданың рөлін ашады.  «Команда басқаруға қалай көмектеседі?», «Команда қалай ұйымдастырылады? «Команда қалай жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап береді.

Республиканың әр аймақтарынан семинарға қатысқандардың кері байланысы талқыланған мәселелердің өзектілігін көрсетті. Ұлттық орталық филиалдары директорлары орынбасарларының командасы, команданың өзара іс-әрекеті тиімділігінде одан әрі кәсіби даму мен өсудің жаңа нүктесін іздеуге дайын.