Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

27 ақпан 2017 жыл «Іс-әрекеттегі зерттеу: табыстары мен қиындықтары, бастапқы нәтижелер» тақырыбындағы V облыстық оқу семинары

02.03.2017 pdf_icon 470 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2017 жылдың 27 ақпан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында «Іс-әрекеттегі зерттеу: табыстары мен қиындықтары, бастапқы нәтижелер» тақырыбында сертификатталған мұғалімдердің V облыстық оқу семинары өтті.

Облыстық семинардың мақсаты:

  • тиімді рефлексиялаудың түйінді дағдыларын меңгеру;
  • тиімді жоспарлау және міндеттерді қою дағдыларын анықтау;
  • оқыту мен оқу үдерісін сауатты ұйымдастыру дағдысын талдау;
  • оқыту мен оқуды тиімді бақылау дағдыларын бағалау;
  • мұғалімдердің басқарушылық дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту қажеттігіне көзін жеткізу.

Семинар жұмысына 2014 жылдың І легінде тренер Р.Ө.Мәрсәліден ІІІ (негізгі) деңгейлік курста даярлықтан өтіп, сертификатталған 24 мұғалім қатысты. Семинар аясында Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы НЗМ тарих пәнінің мұғалімі Н.Әбджалиевпен қазіргі жоспарлау түйіткілдері туралы онлайн режиміндегі скайп-сабағы трансляцияланды.

Семинар қорытындысында қатысушыларға сертификаттар табысталды.