Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Халықаралық онлайн семинар

09.03.2017 pdf_icon 456 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2017 жылғы 28 ақпанда оқу орындарының мұғалімдеріне,  психолог, әлеуметтік педагогтары үшін  «Білім беру ұйымдарының оқушылары  арасында тәуелділік және өзіне өзі қол жұмсау мінез-құлықтарының алдын алу» тақырыбында халықаралық онлайн семинар өткізді. Іс-шараны ұйымдастырушы мектепке дейінгі, бастауыш оқыту және тұлғаны тәрбиелеу кафедрасы.

Семинардың негізгі мақсаты білім беру ұйымдарының оқушылары  арасында тәуелділік және өзіне өзі қол жұмсау мінез-құлықтарының алдын алу болып табылды. Аталған іс-шара жұмысына Ресей Федерациясындағы әріптестер мен Қостанай қаласының практик-психологтары  қатысты.

Кәмілетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау мәселесін Қостанай облысы бойынша облыстық психоневрологиялық диспансердің психологиялық қызмет меңгерушісі, жоғары санатты психолог Ислямова Галина Адбурашитовна   айқын ашып көрсетті. Философия ғылымдарының кандидаты, «Архангельск ашық білім облыстық институты» қосымша кәсіби білім берудің мемлекеттік автономды білім беру мекемесі»  кәсіби оқыту кафедрасының меңгерушісі Елисеева Людмила Афанасьевна «Кибербуллинг жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау себебі ретінде» тақырыбындағы баяндамамен сөйледі.

Киббербуллинг тақырыбын Қазақстанның репродуктивті және жыныстық денсаулық қауымдастығының тренері Шабурова Нина Борисовна балалар мен жасөспірімдердің психикасына электронды технологияның ықпалы туралы мәселесімен жалғастырды. Сонымен қатар тренер интернет желісінде адамдарды психологиялық алдап-арбау мәселесін де алға тартты.

Білім беру ұйымдарының оқушылары  арасында тәуелділік және өзіне өзі қол жұмсау мінез-құлықтарының алдын алу бойынша негізгі бағыттар,  жұмыс пен формалары  жайлы «Қостанай қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің №2 мектеп-лицейі» ММ-сінің  педагог – психологы  Марченко Ирина Сергеевна жан-жақты айтып өтті. Психологтың баяндамасында білім беру ұйымдарының оқушылары  арасында тәуелділік және өзіне өзі қол жұмсау мінез-құлықтарының алдын алу бойынша мектептегі психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру алгоритмі көрсетілді.

«Қостанай қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің Дружба орта мектебі» КММ-сінің  педагог – психологы  Гаан Вера Андреевна балалар мен жасөспірімдердің арасында тәуелді және өз-өзіне қол жұмсау әрекеті мәселесін шешуде педагогикалық қызметкерлердің құзыреттілігін арттыру жөніндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Оқушылардың ата-аналарымен және әріптестерімен психолого-педагогикалық жұмыс технологияларымен «Қостанай қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің №17 орта мектебі» КММ-сінің  педагог – психологы  Кухарева Елена Александровна өз тәжірибесін ортаға  салды.

Халықаралық on-line семинар жұмысының соңында мамандар қатысушылардың қызықтырған сұрақтарға жауап берді және осы іс-шараны өткізу өзектілігін айрықша көрсеткен рефлексия өткізілді.