Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Бірінші» үздікті білдіреді

02.12.2014 pdf_icon 1222 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Бірінші, желтоқсанның  бірінші күні, Тұңғыш Президент күні, оқуда бірінші, спортта бірінші, мектепте бірінші деген сөздер, бүгінгі  күні айрықша көңіл бөлетін сөздері болды.

Бірінші желтоқсан қарсаңында «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  ПҚ БАИ» фойесінде, акт залында мерекелі күйдегі адам саны көп, өйткені бүгін облыстың білім беру ұйымдарының «Жетістіктер аллеясының» ашылуы өтті. Бұл  шара мектеп басшыларына, біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларына, институт қызметкерлеріне, қамқоршылық кеңес өкілдеріне, оқушыларға, ата-аналарға озық мектептердің жетістіктерімен, дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесімен танысуға, жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезім ұялатып, қойған мақсаттарына жетудегі өз үлестерін мойындауға мүмкіндік туғызды. 

Біліктілікті арттыру жүйесінде, үздіксіз білім беруде психологиялық-педагогикалық, ғылыми педагогикалық тәжірибемен байланысты қамтамасыз ететін әдістемелік жұмыс  білім беру ұйымдары педагогтерінің қызметінде ерекше орын алады. 

Қазіргі жалпы білім беретін ұйымдар – динамикалық түрде өзгеретін әлемде дамитын күрделі жүйе. Елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінде болып жатқан өзгерістер мектептің барлық қызметін қайта қарастыруды және білім мекемелерін  мақсаттарына жету жолдарын өзгертуді қажет етеді.      

                                                        

Осы орайда мұғалім инновациялық әрекеттің қажеттілігін, тәжірибеге педагогиканың жаңа жетістіктерін енгізуде шеберлік дайындығын сезіну керек және қолданатын әдіс-тәсілдерінің нәтижелілігіне сенімді болу керек. Жетістіктер аллеясында жалпы білім беретін мектептерге, жаңа типті мектептерге, ауыл және қала мектептеріне, арнайы мектеп-интернаттарға, колледждер мен мектепке дейінгі ұйымдарға, институттың үздік оқытушылары мен қызметкерлеріне орын бар.Атап  өтетін болсақ, олар   Досмухамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты  (директоры Төкенова Г.Ж.), облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік  лицей-интернаты (директоры Әубәкіров Е.Б.), «Есту кемістігі бар балаларға арналған  облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернаты» ( директоры    Тажин Ж.У.), «Бірінші қалалық білім беретін лицей» КММ (директоры Коноплева Е.В.),  Аққайың ауданы  Қайырбек Оразов атындағы  Аралағаш орта мектебі (директоры Нұртазинов Ж.К.), Айыртау ауданы «Саумалкөл қазақ орта мектебі» КММ (директоры Олажабаева М.О.), «№1 Саумалкөл орта мектебі» КММ (директоры Тұралинов М.Ш.), Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжі (директоры Әбілмажин Ж.Т.), Петропавл темір жол көлігі колледжі (директоры Шадковский М.Л.), Петропавл қ. мектепке дейінгі білім беру  ұйымдары «Алтын бесік»  КМҚК (балабақша меңгерушісі Дарбаева М.Т.), «Нұр бөбек» КМҚК (балабақша меңгерушісі Осипова О.Г.). Барлығын қосқанда 11 мекеме, соның ішінде 7 мектеп, 2 колледж, 2 балабақша және біліктілікті арттыру институты.

 

Институттың үздік оқытушылары қатарында Владимир Евгеньевич Корчевский «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті  қызметкері», «Қазақстан Республикасының  білім беру ісінің үздігі», «ПҚ БАИ курстарының үздік жаңартылған, оқу бағдарламасы, үздік оқу-әдістемелік кешені» атты сырттай республикалық  байқауының  «Өрлеу»БАҰО» АҚ Басқармасының ІІІ орын жүлдегері (2014ж.), Қазақстан Республикасы 7-12 сыныптарының «Алгебра» оқулығы мен оқу-әдістемелік кешендері авторларының бірі, ғылыми-әдістемелік басылымдарындағы 167 мақаланың авторы. Алма Қойшықызы Қожрақаева - «ҚР-12 жаңа МЖМС бойынша 5-6 жастағы балалармен жүргізілетін оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбындағы ОӘК республикалық байқауында «Материалдың үздік мазмұны» номинациясы бойынша жеңімпаз  грамотасының иегері.

 Алексей Викторович Деревянкин– «Сызықты емес интерактивті мультимедиалық таныстырылымды әзірлеу үшін қазіргі «бұлтты» сервис (Prezi.com)» сабағының дәріс-тәжірибе кешенін әзірлеуші, «Солтүстік Қазақстан облысы: тарихы, реалиі, келешегі» шағынконтенті, «Алаштану»  «E-GuideLine»  сандық білім беру ресурсы авторларының бірі, жаңа  форматта кері байланысты жүргізудегі Wordle.net «бұлтты» сервисті бейімдеуші.  

Ольга Михайловна Медведева– орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне «ПҚ БАИ курстарының  үздік жаңартылған оқу бағдарламасы, үздік оқу-әдістемелік кешені» атты сырттай республикалық  байқауының «Өрлеу»БАҰО» АҚ Басқармасының І дәрежелі дипломының иегері(2014ж.), 10 кітап пен оқу-әдістемелік құралдарының авторы. Аллеяның ашылу рәсімі Солтүстік Қазақстан облысы мен Қазақстан Республикасының білім, мәдениет, экономика салаларының жетістіктерінің  таныстырылымымен басталды. «Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы «СҚО бойынша  ПҚ БАИ» директоры А.Мырзалинова кіріспе сөзінде шараның  маңыздылығын атап өтті және  білім беру жүйесінің жетістігін көрсететін «Жетістіктер аллеясы» мемлекеттік мерекелер қарсаңында облыстың білім беру мекемелерінің үздік көрсеткіштерімен үнемі толықтырылатыны жайлы айтты. Бұл өмір бойы кәсіби бейімделгіш, іскери бедел, бәсекеге қабілеттілік,өзіндік даму мүмкіндігінің негізін қалаушы фактор мен кепіл ретінде қарастырылатын болады.

 Қатысушылар «Өрлеудің» гимнін орындағаннан кейін, аллеяның символдық лентасын қию құқығы қалалық маслихаттың депутаты, білім, мәдениет және жастар ісі бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы, «Есту қабілеттері нашар балаларға арналған  облыстық арнайы (коррекциялық) мектеп-интернатының директоры» Ж.Тажинге, ардагер-педагогтерге және ең кішкентай қатысушы – үш жасар Нұрғали  Жұмағұловқа, Жас Ұрпақ орталығының президенті Г.Енсегеноваға беріледі.

Өз жетістіктерін таныстыру барысында білім беру мекемелерінің басшылары, оқушылары, ата-аналар комитетінің өкілдері сұрақтарға жауап берді. Соңында Тұңғыш Президент күні ашылған «Жетістіктер аллеясына» енгізілген туралы  білім ошақтарына   сертификаттар табыс етілді.

 

 Бедел мен нәтижелі сапаны  арттыруға бағытталған жетістіктер мен педагогика ұжымдарының белсенді жұмыстарының нәтижелерімен танысу үшін келем деушілерге біздің есігіміз әрдайым ашық. Аллеяның ашылу рәсімі мерекелік шашумен аяқталды.

Соңында Аллеяның ашылу салтанатына қатысушыларды «Қазақстан мен солтүстік өңірдің тарихи жетістіктері» тақырыбындағы көрмемен таныстырды. Көрмеге кітаптар, фотосуреттер және сувенирлер қойылды.

Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің маманы Б.Батырова