Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Қалалық семинар – «Бәсекеге қабілетті педагог тұлғасын қалыптастырудағы білім беру ұйымдарының бірлесіп әрекеттесуі»

08.12.2014 pdf_icon 1019 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2.12.2014 ж. ҚазМҚПУ базасында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ  қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Бәсекеге қабілетті педагог тұлғасын қалыптастырудағы білім беру ұйымдарының бірлесіп әрекеттесуі» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға  ҚазМҚПУ математика факультетінің мұғалімдері мен магистранттары,  курс тыңдаушылары  қатысты.

Семинар жұмысының мақсаты білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығын дамыту, функционалдық сауаттылық мәселесі бойынша тәжірибе алмасу.

Семинарда «ӨРЛЕУ» БАҰО»  АҚ  филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры, п.ғ.к., профессор Р.Б. Ахмедова  «Білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығын  дамыту  жолдары» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

 

 «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ  Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., Қоңырова А.Т. «Функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнын жаңарту мәселелері туралы»,  кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., Халитова И.И. «Развитие функциональной грамотности чтения учащихся по международной программе PISA», «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ  Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ профессоры, п.ғ.к.,  Найманбаева К.К.   «Білім беру үрдісінде инновациялық технологиялар арқылы оқыту» тақырыбында баяндама жасады.

 

Сонымен қатар,  «ӨРЛЕУ» БАҰО»  АҚ  филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ кафедраларынан семинарға қатысқан аға оқытушылар:  PISA  зерттеулері бойынша мастер-тренер Ракишева А.Е.  «Оқушылардың ғылыми жаратылыстану функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың жолдары», аға оқытушы, PISA  зерттеулері бойынша мастер-тренер Бексейтова Е. Ө., «Оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың жолдары», Жазильбекова Р.О. «Инновационные подходы в системе повышения квалификации в рамках новой парадигмы образования», Шаханова Ж. Б. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда «Кейс-стади» әдісінің тиімділігі», Ибраева Ж.М. «Көптілді білім беру – уақыт талабы», Бекболғанов Е.Ж. «Университет пен институт кафедра оқытушыларының  арасында білім берудің басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарын анықтау,  бірлескен шығармашыл топтарын құру» тақырыптары бойынша баяндама жасап, тұжырымды ойларын ортаға салды. 

 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің  оқытушысы, п.ғ.к., Бекболғанова А.К.: «Семинар қызықты өтті, ол біз үшін де, қатысқан магистранттар үшін де маңызды болды деп есептеймін. Біз бұл семинардан оқытудың көптеген әдіс-тәсілдерін үйреніп, PISA зерттеулері туралы көп мәліметтер алдық», – деп семинарды ұйымдастырушыларға алғыс-тілегін білдірді. Семинар қорытындысы бойынша қарар қабылданды. 

«ӨРЛЕУ» БАҰО»  АҚ  филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ