Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

СҚО: Абай мұрасының рухани-адамгершілік және танымдық құндылықтарын өзектендіру жайында

09.12.2014 pdf_icon 916 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,

қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс.

                              Н.Ә.Назарбаев

 

2014 жылдың 05 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» қабырғасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай  «Абай мұрасының рухани-адамгершілік және танымдық құндылықтарын өзектендіру» тақырыбында он-лайн режимінде Республикалық вебинар өткізілді.

«Абай мұрасының рухани-адамгершілік және танымдық құндылықтарын өзектендіру» тақырыбындағы вебинар жұмысын анықтауда «2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат» басшылыққа алынды. Атап айтқанда, «Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі – «Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс».

 

Атаулы шараға ниет білдіргендер саны 32 болды. Вебинарға  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан, Ақмола, Алматы, Астана, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының біліктілікті арттыру институттарының профессорлық-оқытушылық құрамы, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы, СҚО Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы әдіскері, мұғалімдері қатысты.

 

Вебинар басында СҚО ПҚ БАИ директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Қуантаева М.Е. сөз алып, вебинар мақсаты, жұмыс бағыттарымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Өзекті мәселелер аясында ой бөлісіп, тәжірибе алмасуға  «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ «Білім беру сапасы  мен басқару» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Сейлхан А.Қ., «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ, гуманитарлық пәндер магистрі, аға оқытушы Жусупова Ғ.С., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ, аға оқытушы Өтебаева Ж.Қ., М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті Құлыбекова Ж.С., СҚО Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы, әдіскері Мүсетаева Г.Н., СҚО Есіл ауданы Явленка №1 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Асенбаева А.С. қатысып, Абай мұрасының рухани-адамгершілік, танымдылық құндылығы, шығармашылығын оқыту жолдарын теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастырды.

 

Вебинар барысындағы ой бөлісуге сүйенсек, «Абай шығармаларындағы этномәдени лексиканы оқытудың жолдары», «Абай өлеңдері мен қарасөздерінің тәрбиелік маңызы» тақырыбындағы баяндамалар тақырыптың мазмұнын аша түсті.       

 

Атаулы шара барысында сұрақтар қойылып, ұсыныстар шығарылды.Қатысушыларға сертификаттар табысталды. Вебинар қорытындысы бойынша авторлық құнды материалдар ақпараттық ғылыми-әдістемелік «Педагогикалық ізденіс» журналында басылып шығады.

 

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

Байкенова Сандуғаш Жанботақызы,

«Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми,

гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі»

кафедрасының аға оқытушысы

baikenova.s@orleu-edu.kz