Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Назарбаев Зияткерлік мектебінде тренерлердің тәжірибеден өту қорытындысы

10.12.2014 pdf_icon 933 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

 Назарбаев зияткерлік мектебінің білім беру ерекшеліктерін терең меңгеру және жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін үшінші деңгейлік бағдарлама курсын оқытуда осы тәжірибені ендіру мақсатында «Ақмола облысы бойынша ПҚБА институтының» деңгейлік бағдарлама орталығының тренерлері Назарбаев зияткерлік мектебінде тәжірибелік сынақтан өтті. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының ««Ақмола облысы бойынша ПҚБА институтының» директоры Исимбаев Еркін Тұрашұлы семинардың ашылуымен құттықтап, НЗМ-нің іс-тәжірибесінің тренерлер үшін маңыздылығын атап өтті.

Бірінші күні жоспарға сай мектептің білім беру үрдісінің ерекшеліктерімен жалпы таныстырылым ұйымдастырылды. Пәндер бойынша орта мерзімдік, қысқа мерзімдік жоспарлары көрсетілді. Бастауыш сыныптарда кіріктірілген үш тілді меңгерту әдісімен таныс болды. Теория мен тәжірибенің кіріктірілуі, яғни теория тәжірибемен жалғасын, үйлесімін тауып  жатты. Осы үйлесімдердің тәжірибе нәтижесін сабақтарынан анық көруге мүмкіндік жасады. 1 «А», 2 «А»  сыныптың оқушылары өзге ұлт балаларының мемлекеттік тілді өте жақсы меңгергені көрінді.  Оқушылардың танымдық қабілеттерін, қызығушылығын дамытуды қалыптастыруда  оқытудың белсенді  және тиімді әдіс-тәсілдерді  қолданумен  өте қызықты, нәтижелі сабақ ұйымдастырылды. 

12 сынып оқушылары  Семей қаласында байқауға қатысқан «ЖаҺандық мәселелер» деңгейінде жасаған  жобалары  ағылшын тілінде таныстырды. 

 

Зияткерлік мектептің мұғалімдері, оқушылары үш тілді таза  меңгергенін тренерлер осы сабақтардан, шебер- сыныптарда көре алды. Ерекше айтып кететіні, ұйымдастырылған сабақтардың  барлығы алдын ала дайындалған сабақ емес, күнделікті оқушылардың  алдында нақты, түсінікті анықталған шынайы, оқушыға қажет мақсаттары бар, оқушы өз мүмкіндігін бағалаудың критериялары анықталған сабақ өткізілді. Мұғалімдер сабақта дарынды балалардың келешек дамуына бағытталған бағалаудың түрлі формаларын пайдаланып көрсетті. ТРИЗ тапсырмаларын шешуде оқушылардың жеке ойлау қабілеттерін дамыту үшін  сыни ойлауға бағытталған тапсырма түрлерін  пайдаланды. Екінші күні Action research  бойынша мұғалімдердің зерттеу тәжірибесімен таныстырды.  Тренерлер үшін мұғалімдер өздерінің іс- әрекеттегі зерттеулерімен бөлісті және шебер-сыныптар арқылы  тренерлерді қатыстырып, зерттеу тақырыбын таңдау жолдары көрсетті.

Сонымен қатар, «Дарындылықты дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу өтті. Халықаралық сертификаты бар мұғалім-модераторлар  шеберлік –сыныптар ұйымдастырды.  Тапсырма түрлері: суреттермен жұмыс, ашық және жабық сұрақтар құрастыру, жағдаяттық мәтіндермен жұмыс істеу арқылы сыни ойлауға, сенімді шешім қабылдауға, бақылауға, қорытынды шығаруға бағытталды. НЗМ тәрбие жүйесі бойынша жасалған таныстырылымнан зерттеушілік жұмыстарының ерекшеліктері мағыналы нәтижелі болды. Оқушылар «Бір өлеңнің тарихы» жобаларын таныстырды. НЗМ тәрбиелік жұмысы көп бағыттарда жұмыс жасайды, ғылыми жобалар жасалады, ата-аналармен жұмыстары жоғары деңгейде жоспарланған, ұйымдастырылған. 

 «Командалық оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында  шетелдік мұғалімдер шебер-сынып ұйымдастырды. «Team Teaching» жұмысының іс-тәжірибесімен таныстырлым ұйымдастырды, тренерлер командалық оқыту жұмысының артықшылықтары мен түрлері жайлы қосымша ақпарат алды. Тренерлер үшін өте тиімді болды. 

Іс-шаралардың қорытындысын жасау барысында тренерлер мектептің мұғалімдері мен мектеп директоры З.К.Уразбековағы  үлкен шексіз алғыс білдірді. Тәжірибе өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған.