Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 15 желтоқсанға ақпарат

15.12.2014 pdf_icon 1046 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Педагогтармен кері байланыс ұйымдастырудың жаңа формасын енгізу туралы  оn-linе семинарлар топтамасы

           2014 жылдың 3 -10 желтоқсаны аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» мониторинг және талдау бөлімі  «Курсаралық мерзімде педагогтың үздіксіз кәсіби даму картасын» енгізу жайлы оn-linе семинарлар топтамасын өткізді.

        Оn-linе семинарлар нұсқаулық сипатта болып, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларына, колледж директорларына, мектеп директорларына, балабақша меңгерушілеріне арналды. Оn-linе семинарлар барысында  мониторинг және талдау бөлімінің мамандары 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап  түгелдей және міндетті түрде  «курсаралық мерзімде педагогтың үздіксіз кәсіби даму картасының» енгізілетіні жайлы түсіндіру жұмысын жүргізді.

            Карта бойынша әзірленген және курсаралық мерзімде педагогтың үздіксіз өз бетінше білім алуын растайтын  материалдар педагогтың жинақтаушы Портфолиосына салынады, бұл - сабақтардың әзірлемелері, педагогикалық басылымдарда, БАҚ-та  жарияланған мақалалар, әдістемелік нұсқаулықтар, конференциялардағы баяндамалар, өткізілген шеберлік сыныптардың материалдары және т.б. Оның ішінде мұғалім Портфолиосына біліктілікті арттыру курсының барлық материалдары мен «Тыңдаушы портфолиосы» да кіруі қажет.

        Қостанай облысының 20 аймағынан барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының өкілдері Оn-linе семинарларға қатысты.

        Оn-linе семинарлар барысында қатысушылар Карта мен «Тыңдаушы портфолиосын» енгізу жайлы сұрақтар қойды. Талқылау қорытындысы бойынша мониторинг және талдау бөлімі «Курсаралық мерзімде педагогтың үздіксіз кәсіби даму картасы» мен «Тыңдаушы портфолиосы» құжаттарын жүргізу бойынша нұсқаулық құрастырады. Бұл нұсқаулықтар  және «Курсаралық мерзімде педагогтың үздіксіз кәсіби даму картасы» orley-kost.kz  филиал сайтында орналастырылады. 

 

Филиалдың әдістемелік құралы  - Мәскеу Халықаралық білім беру салонындағы аннотацияланған каталогында

2014 жылдың мамыр айында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушылары М.Т.Туякова, Д.А.Мегильбаева «Білім берудің жаңа моделі жағдайында оқыту үрдісін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» әдістемелік құралымен Мәскеу қаласында өткен оқу-әдістемелік басылымдардың халықаралық көрме-презентациясына қатысты.  Аталған құрал бүкілресейлік көрменің лауреаты дипломына, сонымен қатар «Үздік ақпараттық жоба»  номинациясында ұлттық сапа сертификатына ие болды.

 

РЖА Президиумының және  Мәскеу Халықаралық білім беру салоны  қатысушысы ұйымдастыру комитетінің, яғни Ресей Жаратылыстану академиясының ғылыми-баспа бөлімінің шешімі бойынша  «Білім берудің жаңа моделі жағдайында оқыту үрдісін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» құралының ғылыми өзектілігін және аталған құралдың маңыздылығын  ескере отырып, басылым Мәскеу Халықаралық білім беру салонына ұсыну және талқылау үшін таңдалды.  (Мәскеу қ., 7-9 қазан, 2014 ж.)

Басылым Мәскеу Халықаралық білім беру салонында  Жаратылыстану Академиясының экспозициясында ұсынылған аннотацияланған каталогқа енгізілді.