Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқулар

15.03.2017 pdf_icon 533 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2017 жылы 13 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі бірлесіп «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы» тақырыбында ТжКБ беру оқу орындары оқытушыларының арасында облыстық педагогикалық оқулар өткізді.

Педагогикалық оқуларға аудан және облыс көлеміндегі колледждердің үздік оқытушылары қатысып, өздерінің білімі мен білігін, ұстаздық кәсіби шеберлігі мен тәжірибелерін ортаға салды.

Педагогикалық оқуларды өткізу мақсаты:

Білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату.

Міндеттері:

  • педагогикалық қызметкерлердің өз шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін, республикалық педагогикалық қауымдастықтың мәдени-кәсіби құндылықтарын бекіту және дамыту үшін жағдай жасау;
  • педагогикалық бастамаларды қолдау, позитивті білім беру практикаларын анықтау және тарату;
  • инновациялық қызмет идеялары мен тәжірибені жинақтау бойынша педагогикалық қауымдастықтың қызметін біріктіру;
  • кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейту;
  • өз жұмыс тәжірибесін жинақтау арқылы педагогикалық қызметкерлердің рефлексивті икемдерін дамыту.

 

Педагогикалық оқуларда барлығы 20-дан аса баяндамалар тыңдалды. Қазылар алқасына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, химия ғылымдарының кандидаты Б.Махмұтов төрағалық етті.

Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша 1-дәрежелі дипломмен И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің сызу пәні оқытушысы Н.Меңліқұлов, 2-дәрежелі дипломмен М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледж оқытушысы Д.Әзмахан, 3-дәрежелі дипломмен Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің математика пәні оқытушысы Л.Утепова марапатталды. Педагогикалық оқулардың барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.