Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Гендерлік білім беру: адам және қоғам» оқыту семинары

22.12.2014 pdf_icon 914 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

      Еліміз тәуелсіздік жылдары гендерлік саясатты дамыту аясында қарқынды  жұмыстар атқарды.Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығымен еркіндігіне қол жеткізді.

           Қоғамдағы гендерлік білім берудің ролі мен маңызын көрсете отырып, педагогикалық қызметкерлерге гендерлік білім беруді жүзеге асыру бойынша курстық қайта даярлау кезеңінде қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерінің тиімді тұстарын саралау және ой бөлісу мақсатында 2014 жылдың 12 желтоқсанында «Гендерлік білім беру: адам және қоғам» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылып өткізілді. Семинар жұмысына қатысқан Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық–демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бас инспекторы Хон Ақмарал Рахметоллаевна «Құқықтық және гендерлік ағарту мәселелері» тақырыбында ой қозғады.

 

         Егеменді еліміздің Тәуелсіздігі қарсаңында өткізілген  семинарды  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының директоры, физика-матем.ғылымдарының кандидаты доцент Кубенова Шолпан Ивановна семинар жұмысының табысты аяқталуына сәттілік тілей отырып,аталмыш тақырыптың бүгінгі күндегі өзектілігіне және бұл мәселе сыңаржақтылықпен қарауды көтермейтіндігіне назар аударды.

 

Семинар барысында тақырып аясында қызу пікір алмасып, қатысушылар брифингімен аяқталды.Семинар нәтижесінде  ұсыныстар қабылданып,соңында шараға қатысушылар кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Гендерлік саясат және білім беру» тақырыбындағы әдістемелік кітап көрмесін тамашалады.