Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

3 (негізгі) деңгейлік Бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдерге арналған ЕКІНШІ ОН-ЛАЙН ФЕСТИВАЛІНІҢ қорытындысы

26.12.2014 pdf_icon 1734 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

3 (негізгі) деңгейлік Бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдерге арналған Еінші он-лайн фестивалі «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Деңгейлік бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Он-лайн фестивалінің Ережесі дайындалды. Ережеде іс-шараның мақсаты, өткізілу тәртібі, жобаларға қойылатын критериилер, материалдардың рәсімделуіне қойылатын талаптар және авторлардың жалпы құқықтары туралы айқын жазылды.

Фестивальдің мақсаты – деңгейлік бағдарламаның мектеп тәжірибесіне табысты ендірілуі және жаңа форматты мұғалімнің кәсіби жетістіктерін тарату мен насихаттау, мұғалімдер үшін шығармашылық ізденіс ортасын қалыптастыру.

Фестивальге қатысатын жобаларға критерийлер қойылды:

1.            Бағдарлама идеясының интерпретациялануы;

2.            7 модульдің іс-тәжірибеде ықпалдастырылуы;

3.            Оқу және оқыту материалдарының шығармашылықпен орындалуы.

Фестивальдің жұмыс тілі: қазақ тілі және орыс тілі.

Ұсынылған жоба түрлері: сабақ үлгілері; инвариативті курс бағдарламалары; оқытудың жаңа тәсілдері; шебер-сыныптар; семинарлар; семинар-тренингтер; рефлексиялар; таныстырылымдар; оқушы жұмыстары. Жариялану формасы – он-лайн түрінде.

 

Ереже облыстың барлық аудандарына таратылып, ұсынылған материалдар институттың orleu-taraz.kz сайтындағы әдістемелік жинақ бөліміне Ережеге сәкес 25 қазанға дейін ендіріліп отырды.

Он-лайн фестивальге ұсынылған жобалар саны – 50 

Фестивальге облысымыздың барлық аудандарындағы сертификатталған мұғалімдер шақырылды.

Фестивальге келіп түскен жобаларды талдап, іріктеу жұмысы Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлер алқасына жүктелді. Материалдарды саралау критерийге сәйкес жүргізілді. Қорытындысында 17жұмыстың критерийге сәйкес сапалы орындалғандығы жайлы ортақ пікір айтылып, сол жоба иелеріне бағдарлама идеясын шығармашылықпен ұсына алғаны үшін: I, IІ, III дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.  

1. Жамбыл ауданы, Шу қаласы, Жібек жолы метеп – лицейі,  бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульнара Иманбердиевна I дәрежелі дипломмен марапатталды

2. Жамбыл ауданы, Қордай ауданы, №26 орта мектебінің  биология пәні мұғалімі Нурниязова Света Жолдасбаевна, ІІ- дәрежелі дипломмен марапатталды

3. Жамбыл ауданы, Т.Рысқұлов ауданы бастауыш сынып мұғалімі Кусепова Гулбиби Алпысбайқызы ІІ- дәрежелі дипломмен марапатталды

4. Жамбыл облысы, Шу  ауданы, Абая о/м, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі Айтжанова Алмагуль Усеровна  ІІ- дәрежелі дипломмен марапатталды

5. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, № 49 мектеп- гимназиясы, бастауыш сынып мұғалімі, Енсибек Зарина Булатбекқызы ІІІ- дәрежелі дипломмен марапатталды

6. Жамбыл ауданы, Қордай ауданы, Сулутор о/м№38, бастауыш сынып мұғалімі Карибаева Сауле Канатовна ІІІ- дәрежелі дипломмен марапатталды

7. Жамбыл ауданы, Қордай ауданы, Сулутор о/м№39,  математика пәнінң мұғалімі Кебекбаева Айман Сериковна ІІІ- дәрежелі дипломмен марапатталды

Алғыс хатпен марапатталғандар:

1.Жамбыл облысы, Тараз қаласы Ы.Сулейменова №37 бастауыш сынып мұғалімі Дуанбекова Гулнар Сембековна

2.Жамбыл облысы Меркі ауданы Кайбулдаева Айжан Макулбеккызы

3. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, № 49 мектеп- гимназиясы, математика пәнінің  мұғалімі, Тaштaнбeковa Мөлдiр Нуридинқызы

4.Жамбыл ауданы, Талас ауданы, физика пәнінің мұғалімі Татибеков Нурман Андабекович

5. Жамбыл ауданы Кордай ауданы пгт.Гвардейский  о/м бастауыш пәні мұғалімі Мунсызбаева Насихат Мейрамбековна

6. Жамбыл облысы Меркі ауданы Т.Рыскулов бастауыш пәні мұғалімі, №20 о/м Ниетбаева Феруза Рамазановна

7. Жамбыл облысы, Тараз қаласы № 39 мектеп- гимназиясының  бастауыш пәні мұғалімі: Тауельбекова Айтолкын Толетаевна

8. Жамбыл облысы, Тараз қаласы № 5 мектеп- гимназиясының  бастауыш пәні мұғалімі Шыныкулова Рыскуль Садыровна

9. Жамбыл облысы Меркі ауданы №16 о/м химия пәнінің мұғалім, Аденова Кулзада Турекуловна

10. Жамбыл облысы, Тараз қаласы № 55 мектеп химия пәні мұғалімі Дидарбекова Акмарал Шариповна

Ұйымдастырылып отырған 3 (негізгі) деңгейлік Бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдерге арналған  «Жаңа форматты мұғалімнің үздік жобалары» тақырыбындағы Екінші он-лайн фестиваль материалдарының жинағына фестивальге қатысқан барлық жобалар ендірілді. Алдағы уақытта он-лайн фестивалін жыл сайын өткізілетін дәстүрлі іс-шараға айналдыру жоспарланып отыр.

Он-лайн фестивалінің қорытынды бөлімі ретінде фестиваль материалдарының жинағын шығаруға тапсырыс берілді. Жинақ төрт бөлімнен тұрады: сабақ жоспарлары, таныстырылымдар, зерттеу жұмысы, ойтолғаныстар. Фестиваль материалдарының электронды нұсқасы orleu-taraz.kz сайтындағы әдістемелік жинақта топтастырылған. Жинаққа енген материалдарын мектеп мұғалімдері, әдіскерлері, ЖОО оқытушылары, студенттер өз тәжірибелерінде пайдалануға болады.

Жауапты тренер: Құлтаева А.Ж.