Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 26 желтоқсанға ақпарат

26.12.2014 pdf_icon 911 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

22 желтоқсан 2014 жыл

Қорқыт-Қобыз

«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының доценті п.ғ.д., Рахат Наурызбаева Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген режиссер-сценарист, «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері, ақын Оңталап Нұрмахановтың «Қорқыт-Қобыз» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсіміне қатысты.

23 желтоқсан 2014 жыл

Шығармашылық кездесу кеші

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қан мен тер» трилогиясының авторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кемеңгер қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовпен кездесу кеші болып өтті. Ұйымдастырылған іс шараға «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының доценті п.ғ.д., Рахат Наурызбаева, оқытушылар Гүлнәр Исмайлова, Мария Ормановалар қатысты.

24 желтоқсан 2014 жыл

«Сындарлы оқыту теориясының басым бағыттарын практикаға енгізу мәселелері» тақырыбындағы семинар-практикум

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Деңгейлік бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен №23 орта мектеп базасында үшінші негізгі деңгей курсынан өткен сертификатталған мұғалімдерге «Сындарлы оқыту теориясының басым бағыттарын практикаға енгізу мәселелері» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Семинардың мақсаты: Сындарлы оқыту теориясы Бағдарламасының тұжырымдамалары мен идеяларын практикада пайдалану мүмкіндіктерін талдау, сертификатталған мамандардың жұмыстарын қолдау, көмек көрсету, сындарлы оқыту теориясы негізінде іс-тәжірибемен алмасу.