Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Талдау және мониторинг бөлімдерінің басшыларына арналған Республикалық семинар

18.03.2013 pdf_icon 1133 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2013 жылдың 21-22 ақпанда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерліқ Қоғамы «Біліктілікті арттыру сапасының барлық параметрлерін басқару және бақылаудың құралы ретінде мониторинг технологиясын қолдану» атты филиалардың талдау және мониторинг бөлімдерінің басшыларына республикалық семинар өткізді.

Пленарлық мәжілісті «Өрлеу БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Ж.А. Қараев құттықтау сөзбен ашты. Сонымен қатар Оқу ісі және әдістемелікпен қамтамасыз ету департаментінің директоры Ж.А. Макатова сөз сөйледі.

Талдау және мониторинг бөлімінің бастығы Умеркулова Е.Ж. семинарға қатысушыларды 2012 жылы филиалдармен жүргізілген мониторингтік зерттеулер нәтиежелерімен және 2013 жылға талдау және мониторинг бөлімдерінің алдына қойылған міндеттерімен таныстырды.

Семинар барысында филиалдардың талдау және мониторинг бөлімдер басшыларының есептері тыңдалып, талқыланды.

Екінші күні қатысушылармен курстық дайындықтың сапасын, қысқа мерзімді курстарда біліктілігін арттырған, курстан кейінгі педагогтар қызметтерінің тиімділігін анықтайтын

мониторингттік зерттеулер жүргізу бойынша бірыңғай талаптардың жобалары қарастырылып, талданып, дайындалды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификат беріліп, мониторингттік зерттеулер жүргізу бойынша бірыңғай Талаптардың жобалары қабылданды.

Семинар қорытындысы бойынша филиалдардың талдау және мониторинг бөлімдерінің есептер жинағы шығарылды.

Бүгінгі таңда «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалдардың барлық талдау және мониторинг бөлімдері бекітілген нормативті құжаттармен жасақталды.

1. Талдау және мониторинг бөлімі туралы Ереже

2. Лауазымдық қызметтер

3. Істер номенклатурасы

4. Жылдық жоспар

5. Циклограмма

6. Диагностикалық құралдар

7. Есеп құрылымы

(құжаттарға сілтеме)

Филиалдардың талдау және мониторинг бөлімдерімен қысқа мерзімді курстардың сапасы және 2012 жылы біліктіліктерін арттырған педагогтардың қызметтерінің тиімділігі (9 өлшем) туралы І тоқсан қорытындысы бойынша есепке дайындық жүргізілуде.