Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Толеранттылыққа оқыту мәселесі жайында

12.01.2015 pdf_icon 1400 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Қазақстан көп ұлтты мемлекеттердің ішінде жоғары жетістікке жеткен алғашқы ел, сондықтан ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін әлемдік тәжірибеде қолдану керек.

Фордхэм университетінің профессоры П. Мордвидж

Қазіргі Қазақстанның саясаты ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен татулықты орнатуға, қазақстандық көпұлтты, көпмәдениетті қоғамда жаңартылған рухани құндылықтарды қалыптастыруға арналған.  Бұл көзқарас мектептегі «Дінтану негіздері» курсының маңыздылығын күшейтеді. Сондықтан мектепте осы курсты жүргізетін тарих пәні мұғалімдерінің біліктілігін  арттыру - кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Осыған орай, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институты» қабырғасында 2015 жылдың 5-10 қаңтар аралығында Ақжар және Уәлихан аудандық білім бөлімдері сұранымдары бойынша «Дінтану негіздері» курсын оқытудың әдістемелік аспектілері» тақырыбында біліктілік арттыру курсы өтті. Курсқа 25 мұғалім қатысты.

Дәріс-тәжірибелік сабақтар барысында Қазақстан Республикасының діни қызмет жайындағы саясатының өзекті мәселелері қарастырылды. Ұстаздар 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы заңының жаңа геосаяси кезеңде орынды және уақытылы болғаны туралы ойларымен бөлісті. Мұғалімдер Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асыру жолындағы мектептің рөлі жайында белсене пікір алмасты. Курс барысында мұғалімдерге «Оқыту құралдары арқылы мәдениетаралық, ұлтаралық диалогты қалыптастыру (ҚР «Дінтану негіздері» курсы, РФ «Основы религиозных культур и светской этики» курсы негізінде)», «Дінтану негіздері» курсын оқытуда оқушылардың танымдық, жобалау әрекетін ұйымдастыру жолдары, сабақтарда сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану, сандық ресурстарын әзірлеу, оқыту  үдерісіндегі оқу ынтымақтастығы мен интерактивті технологияларды пайдалану тақырыптарында дәріс-тәжірибелік сабақтар өткізілді.

 

2015 жылдың 6 қаңтарында тыңдаушылар «Конфессияаралық қарым-қатынасты дамыту және талдау орталығы» КММ қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында мекеме қызметкерлері философия ғылымдарының кандидаты Сүлейменова Сәуле Қалкенқызы және Бейсенбина Гүлмира Ғалымжанқызы «Солтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуал» тақырыбында дәріс өткізді.  Ұстаздар дінтану, философия пәндерінің теориялық, әдістемелік аспектілері, жаңа мекеменің қызметі жайында өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. 

 

Курс барысында М.Жұмабаев ПГК жанындағы мектеп-лицейінде көшпелі тәжірибелік сабақ өтті. Бұл іс-шараны мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімдері Ахманов Асхат Кәрімұлы мен Қанафина Бақытжамал Нұрқанқызы ұйымдастырды.  КТС мазмұнын «Қазақстанда деструктивті ұйымдардың таралуы және оның алдын алу»  баяндама, «Ислам. Ғылым және мәдениет» ашық сабағы және «Қоғамдық пәндерді оқытудағы дискуссиялық ойындар (дебат ойыны)» тәжірибелік сабағы қамтыды . 

 

11.11.2014 жылғы ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2015 жыл – Қазақстан Ассамблеясы жылы деп аталған. Осыған орай және 2014 жылдың 24 шілдесінде құрылған «Қоғамдық келісім» мекеменің қызметімен танысу мақсатында саяхат жасалып, облыстық Ассамблеяның этномәдени орталықтары өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. 

 

Ғылыми-сараптама тобының бас сараптамашысы Салмұрзин Сағындық Досмақұлы және курд этномәдени орталығының төрағасы Надиров Рашид Садыкович «Қоғамдық келісім» мекемесінің мақсат-міндеттері, қызметі, жасаған істері және ағымдағы 2015 жыл – ұлт тарихының өрлеу жылы: Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы жоспарлары туралы баяндады.

 

Курс аптасы басты құндылықтарды - толеранттылықты, келісімді, достықты, сенімді дәріптеу, нығайту аптасына айналды. Ұстаздардың біліктілігін арттыру курсы «Қазақстан – конфессияаралық келісім аймағы» атты дөңгелек үстел жұмысымен аяқталды.

Нұртаева К.Б., «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі»  кафедрасының аға оқытушысы