Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Оқыту семинары «Сындарлы оқыту теориясы – білім беру жүйесінде

16.01.2015 pdf_icon 1216 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Деңгейлік бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 8-10 қаңтар аралығында «Сындарлы оқыту теориясы – білім беру жүйесінде парасатты өзгерістер бастауы» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Оқыту семинарының мақсаты: Үшінші  (негізгі) деңгей бойынша сертификатталған мұғалімдердің сертификаттарын қайта растау үдерісіне байланысты мұғалімдермен дайындық жұмыстарын жүргізу, әдістемелік және рефлексивтік біліктерін дамытуға қолдау көрсету. Ұйымдастырылған іс-шараға облыс мектептерінің үшінші (негізгі) деңгей бойынша сертификатталған 30 мұғалімі қатысты.

Үш күндік семинар мазмұны үш негізгі мәселені қамтыды: оқыту мен оқу тәжірибесін талдау, «Lesson Study» тәсілі арқылы белсенді оқыту стратегияларын қолдануды жетілдіру, рефлексивтік біліктерді одан әрі дамыту жұмыстарын жүйелеу.

Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері У.Х.Есмағанбетова тарапынан Бағдарламаның өзекжарды мәселелері бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылды және қатысушылардың қажеттіліктері бойынша көптеген кеңестер берілді. Іс-шара соңында жаңартылған тәжірибе иелері кәсіби әрекеттерімен бөлісті, нәтижесінде озық үлгідегі жұмыстар бойынша  мұғалімдерге алғыс хаттар табыс етілді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚБАИ